«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес түйткілдерін бірге шешеміз

2015 жылғы 22 Желтоқсан
- Павлодар облысы
11992 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы 2015 жылғы қызметіне қорытынды шығарып, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды.

Есептік кездесуге Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, бизнес, жергілікті атқару органдары өкілдері, даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер филиалдарының басшылары қатысты.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаева өңірдегі кәсіпкерлікті қорғау және дамыту бойынша жасалған жұмыс жайлы есеппен сөз алды. Кәсіпкерлер палатасы жыл басынан бері қызметтің негізгі бес бағыты бойынша жұмыс жүргізіп келді. Бұл кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету, өңір кәсіпкерлігін дамыту картасын жасау, бизнесті бейқаржылық қолдау, адами капиталды дамыту.

Өңірлік Палата басшысы облыс әкімімен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әрекеттестік туралы меморандум жасасудың маңыздылығын баса көрсетті. «Бүгінде жасалған меморандум аясында 33 консультативтік-кеңесу органы 50% бизнес-құрылымдар өкілдерінен тұратын болды. Бұдан былай 180 кәсіпорын басшысы жер қатынастары, жекешелендіру мәселелерін, индустриялық даму мәселелерін, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін субсидия алу, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант ұсыну мәселелерін шешуге қатысады», - деді ӨКП басшысы.

Райхангүл Сатабаеваның айтуынша, Палатаның реттеуші органы – Өңірлік кеңестің құрылуы облыстағы кәсіпкерліктің дамуына ерекше түрткі болды. Аталмыш кеңес облысқа танымал ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінен тұрады. Өңірлік кеңес мүшелері жүйелік мәселелерді Үкімет деңгейінде жеткізіп, көтерді. Сөйтіп, жергілікті өндірушілер тауарларын өткізу нарығы мәселесі қаралды, ірі, жүйе құрушы компаниялар үшін өнімдер, жұмыстар және қызметтер жеткізуге қатысуға қажеттілік жайлы ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар отандық өндірушіні мемлекеттік реттеудің тарифтік емес шараларымен қорғау мақсатында үкіметтік емес стандарттарды енгізу мәселесі қолдау тапты.

Палата қызметіндегі басымдылықты бағыттардың бірі кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау желісі бойынша жұмыс болып табылады. Жыл басынан бері кәсіпкерлердің 234 өтініші қаралды. Бизнесті қорғау желісі бойынша 116 өтініштен 55 оң нәтижемен шешілді. Палата өкілдері азаматтық істер бойынша 19 отырысқа қатысып, 14 іс бойынша сот 59 млн теңгеден астам сомада кәсіпкерлер құқығын қалпына келтірді. Мәселен, облыстың экономикалық сотына ауыл шаруашылығы басқармасынан «Жаңа қала» шаруа қожалығы үстінен 10 млн теңгеден астам мөлшердегі негізсіз төленген субсидияны төлету туралы қуыным келіп түсті. Палата араласуынан кейін сот кәсіпкер пайдасына шешім шығарды.

Палата әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында тұрақты негізде жергілікті атқару органдары іске асыратын рұқсат беру процедуралары сапасына мониторинг жүргізіп отырады. Қоғамдық мониторинг нәтижесінде  мемлекеттік қызметте 153 әкімшілік кедергі анықталып, барлығы жойылды. Ұлттық палатаның Республикалық тізіліміне енгізу үшін 10 түйткілді мәселе бағытталып, оның ішінде 5 мәселе бойынша заңнаманың сәйкес нормаларына өзгертулер жасалды. 

Әкімдікпен бірге Павлодар облысы Кәсіпкерлікті дамыту картасын жасақтау бойынша көлемді жұмыс жасалды. Аталмыш карта жергілікті бизнесмендер жұмысында да, инвесторлар үшін де жақсы демеу болуға тиіс.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс жүргізеді. Атап атқанда, жүйе түзуші кәсіпорындармен ірі кәсіпорындар айналасында тауар өндіруші ШОБ субъектілерінің кооперациялануы мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда жергілікті мазмұнды дамыту жөнінде жалпы сомасы 795 млн теңгеге 47 шарт жасалды.

Есептік кездесуде БЖК-2020 бизнеске бейқаржылық сервистік қолдау көрсету бойынша төртінші бағытын жүзеге асыру аясында өңірлік палата қызметінің қорытындысы жасалды. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап «Бизнес-мектепте» 800-ден астам тыңдаушы оқытылды. Оқытудан кейін 298 кәсіпкер жеке істерін кеңейтіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары өндірісі, жүк тасымалдау және қызмет көрсету салаларында 41 жаңа іс ашылды.

Палата кәсіпкерлікті дамытудың барлық дерлік институттарымен әрекеттесе отырып, «бір терезе» қағидатын барынша толық жүзеге асыруда. Бұл ауылдық кредит серіктестіктері, «Қазагромаркетинг» ақпараттық-консультативтік орталықтары, екінші деңгейдегі банктер. Сөйтіп, Палата филиалдары 2 млрд теңгеден астам сомадағы 456 жобаны оң нәтижемен сүйемелдеді.

Дуалды оқыту жүйесін енгізудің жол картасы аясында облыста 36 шартқа қол қойылды. Экспериментке 400-ден астам маман даярлауға 28 кәсіпорын мен 11 колледж қатысады. Мектеп және колледждер оқушыларымен жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында 7 мыңнан астам оқушының қатысуымен 400 іс-шара өткізіліп, 23 кәсіптік кабинет ашылды. Еңбек нарығының экономика салалары бойынша білікті кадрларға деген болжамдық қажеттілігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп тұрады.

Кездесу барысында Павлодар облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев бизнесті қорғау аясында жүргізілетін жұмыс жайлы айтып берді. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың өтіп кеткен кезеңі ішінде Кеңестің 6 отырысы өткізіліп, онда 11 мәселе қаралды, ал оның ішінде 8 мәселе бойынша бизнес субъектілерінің құқығы толық көлемде шешіліп, оған 250-ден астам адам қатыстырылды. Мәселен, Кеңес отырысында оң шешім тапқан мәселелердің бірі – «Павлодарэнергосбыт» компаниясының электр энергиясы үшін 100% алдын-ала төлемді заңсыз талап етуіне қатысты. Палата өтінішімен уәкілетті орган тексеріс өткізіп, монополистің әрекеті заңсыз екенін анықтады. «Тимур» шаруа қожалығының Павлодар ауданында мал өсіру үшін жер телімін беру туралы мәселесі қысқа мерзім ішінде шешілді.

Палата көмегі мен қолдауын көптеген кәсіпкерлер сезіне алды. Олардың бірі – «Медсервис ПВЛ» компаниясы» ЖШС басшысы Людмила Лебедева алғысын білдірді. «Кәсіпкерлер палатасына жүгіне отырып, зор қолдау, білікті құқықтық көмек алдық. Осындай тіректің барында, жұмыс жасауымыз да оңай», - деді ол.

Райхангүл Сатабаева атап өткендей, Палата көптеген мәселелерді мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық пен бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануының арқасында шеше алды. «Алдымызда жергілікті тауар өндірушілердің жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, ШОБ санын көбейту, әкімшілік кедергілерді төмендету және басқада бағыттар бойынша атқаратын ортақ міндеттер тұр. Біздің бірлескен күшіміз өңір экономикасын нығайтуға бағытталған», - деп баса көрсетті ол.

Өңірлік Палата директоры 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынып, бизнес пен жергілікті атқару органдары өкілдері сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушылар өңірдегі экономикалық ахуалды, бизнесті дамыту келешегін және кәсіпкерлік қызмет саласындағы негізгі түйткілдерді шешу жолдарын талқыға салды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер