«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнестің жол картасы» көмекке келеді

2016 жылғы 12 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
11056 просмотров

Ауылдық кәсіпкерлер «БЖК‑2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін жиі қолдана бастады

Ақтөбе облысы бойынша «Даму» қоры өңірлік филиалының директоры Жеделбек Мырзағалеев 2015 жыл қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясының барысында осылай деп хабарлады.

Қор директорының сөзіне сүйенсек, өткен жылы «Бизнестің жол картасы‑2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 135 жоба субсидияланған. Оның ішінде 48 ауылда.

«Кредит бойынша кепілдік беруге мақұлданған ауылдық жобалар саны 5 есеге дерлік өсті. Сонымен, егер 2014 жылы облыс көлемінде кепілдік беру бойынша 32 жоба мақұлданса, соның ішінде 7 жоба ауылдық жерде, ал 2015 жылы облыс көлемінде 79 жоба мақұлданған, оның ішінде 34 ауылдық. Сонымен қатар кепілдік беру бойынша мақұлданған стартап‑жобалар саны ұлғайып, 21‑ге жеткен. Облыста «Өндіріс» бағдарламасының аясында 6,6 млрд теңгеге 71 жоба қолдау тапты, атап айтқанда, бұл тамақ өнеркәсібі (нан, жарма, шұжық, ет өнімдерінің өндірісі) мен фармацевтикалық өнеркәсіп жобалары», - деп хабарлады Жеделбек Мырзағалеев.

Қандай да бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап жүрген кәсіпкерлер үшін бизнес‑жоспарларды Кәсіпкерлер палатасы жанында әрекет етуші Кәсіпкерлікті дамыту орталығының менеджерлері дайындайтыны белгілі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер