«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Inalca Eurasia Қазақстанға қадам басты

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
15159 просмотров

Қазақстан нарығына италиялық Cremonini тобы құрылымына кіретін Inalca Eurasia ірі агроөнеркәсіптік ұлтаралық корпорациясы қадам жасауда. Аталмыш компаниямен ақтөбелік «Актеп» ЖШС ынтымақтаспақшы.

«Актеп» комапниясы мен Inalca Eurasia корпорациясы арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында меморандумға қол қойылды.

Inalca Eurasia корпорациясы республиканың ет саласына 100 миллионнан астам еуро инвестициялау туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат республиканың үш облысында жалпы қуаты бір уақытта семіртілетін 44 мың мал басын құрайтын семірту алаңдарын салуға сатылас-интеграцияланған компания құруға жұмсалады.

Ақтөбе облысында қуатты 20 мың тонна ет және ет өніміне дейін арттырумен ет комбинатын модернизациялау жоспарланып отыр. Inalca Eurasia компаниясы қазақстандық ет брендін құрып, оны Еуропа елдеріне және Ресей Федерациясына экспорттауды қамтамасыз етпекші.

Етті бағыттағы мал шаруашылығында өңіраралық кооперацияны құру жөніндегі еттің экспорттық әлеуетін көтеруге арналған міндеттер мен индикативтік көрсеткіштерді анықтайтын бірлескен іс-қимыл жоспары өңірде үш облыс, министрлік және Inalca Eurasia компаниясының арасында бекітілген болатын.

«Актеп» компаниясы 2015 жылы ай сайын 200 тонна көлемінде сиыр етін тұрақты экспорттауға шықты. 2016 жылға экспорт көлемін жылына 12 мың тонна ет өніміне дейін көтеру жоспарланып отыр. Жылдық қуаты 7200 тонна ет боалтын заманауи ет өңдеу зауыты салынды. Осының бәрі компанияның етті мал шаруашылығындағы өңіраралық кооперацияны ұйымдастыру орталығы болуына сеп болады.

Inalca Eurasia корпорациясы Еуропа, Африка және ТМД елдеріндегі ет және ет өнімдері өндірісі саласындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Холдингтің жылдық айналымы 2014 жылы 3,3 миллиард еуроны құрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер