«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанға инновациялық кәсіпорындар қажет

2016 жылғы 28 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
10757 просмотров

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әдбіқалықова «Каспий плюс» ЖШС бірегей кәсіпорнында болып қайтты.

Құрметті қонақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Каспий плюс» жұмысымен танысып қайтты. Аталмыш кәсіпорынның Қазақстандағы тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін бекіткіш бұйымдар өндірумен айналысатын жалғыз өндіріс орны екенін атап өту керек.

«Каспий плюс» ЖШС бас директоры Жандос Паңгереев негізгі серіктестері «Евразийская группа», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Өзенмұнайгаз» болып табылатын кәсіпорнының инновациялық технологияларды енгізуге және импорттың орнын алмастыруға бағдарланғанын жеткізді. Аталмыш бағыттағы бірнеше жылғы жұмыс ішінде ЖШС бұрын алыс және жақын шетелден жеткізілген тау-кен өнеркәсібінде өнімнің 300 түрін және арнайы техникаға қосалқы бөлшектер импортының орнын алмастаруға қол жеткізген. Шығарылатын өнімнің барлығы сәйкестік сертификатына және қазақстандық мазмұнның жоғары үлесімен CT-KZ тауардың шығу тегі сертификатына ие.

Кәсіпкер қонақтарға Қазақстанда кездеспейтін бірегей 3D білдектің жұмысын көрсетті. Жаңа жабдық түрлі формадағы бұйымдарды шығарады. Білдек диаметрі 14 миллиметрге дейін жететін иілгіш сымнан өндіріске қажет серіппелер, құрылыс анкерін және көптеген басқаларын жасайды.

Сандық бағдарламалық басқару өнімнің сапасына жауап береді. Автоматтандырылған білдек көмегімен кез-келген қиындықтағы түрлі металдарды өңдеуге болады. Бұл «Каспий плюс» компаниясының өнеркәсіпте, автомобиль жасауда, кеме жасауда ғана емес, тұрмыста да қолданылатын бұйымдар шығаруына мүмкіндік береді. Кәсіпорын «Caterpillar» немесе JCB тау-кен тракторларына арналған бөлшектер өндіре алады.

- Кәсіпорын, шынымен де, бірегей, мұнда ең соңғы заманауи технологиялар мен инновациялар қолданылады. Қазақстанға осындай өндірістер қажет, - деп риза болып қайтты Гүлшара Әбдіқалықова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер