«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандықты қолдайық

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
9536 просмотров

Республикадағы ірі компаниялар өкілдері ақтөбелік тауар өндірушілердің әлеуетімен танысу мүмкіндігіне ие болды

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірге жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, қазақстандық мазмұн мен өңіраралық кооперацияларды дамыту мақсатында өндірістік саяхат ұйымдастырды.

«Ақтөбеде «North Caspian Operating Company» (Атырау қаласы), «Теңіз Шевройл» (Атырау қаласы), «Karachaganak Petroleum Operating» (Батыс Қазақстан облысы), «Евразийская группа» ЖШС, «ҚазЦинк», «Altynex Company» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сияқты елдегі жетекші кәсіпорындар өкілдері бас қосты. Оларға өңірдегі бірқатар кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндіріс орындары таныстырылды», - деп жеткізді ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Олардың қатарында «Экотон Батыс» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС да бар.

Доңғалақты тіркемелі техниканы құрастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін «Назар Трейлер» ЖШС, бекіткіш материалдар өндірілетін «Каспий Плюс» ЖШС саяхатқа қатысушылар көңілінен шықты. Сонымен қатар кәсіпорындарды көптеп қамту мақсатында «Стройдеталь» ЖШС базасында құрылыс материалдарын өндірушілердің және «Анвар» жаңа гипермаркетінің аумағында ет-сүт өнімдерінің мамандандырылған көрмелері ұйымдастырылды.

Саяхат соңында саяхатқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында жұмыс отырысы өткізіліп, Ақтөбе облысы ірі компаниялары мен тауар өндірушілерінің арасында болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер