«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Министрліктің жарнама туралы ұсыныстары бизнеске кедергі тудырады

2016 жылғы 15 Ақпан
9196 просмотров

Заңнамадағы түзетулерге сәйкес сыртқы жарнама тәртібін өңірлік мемлекеттік органдар орнатады

Заңнаманың жетілдірілмеуінен жарнама бизнесі айтарлықтай проблемаларға тап болуда. Олардың көп бөлігін «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы шешуде. 2015 жылы осы мәселелер жөніндегі өкілетті орган ретінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі бекітіліп, өзара тығыз әрекеттестік нәтижесінде көп мәселе оңды шешімін тапты.

Алайда Палатаның Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Ербол Өстеміровтың айтуынша, министрліктің жекелеген ұсыныстары кәсіпкерлер үшін айтарлықтай проблемалар туындатады. Мысалы қазіргі даярланған ҚР «Жарнама туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы аясында өкілетті орган жергілікті өкілдік органдарға елдімекендерде сыртқы жарнама мен оған жатпайтын нысандарды орналастыру тәртібін жасау мен бекіту  құқығын беріп отыр.

«Қазақстан бірыңғай құқықтық жүйеге ие унитарлы мемлекет екенін ескере отырып, жекелеген облыстарда жарнама орналастырудың алуан түрлі тәртібін орнату, біздіңше дұрыс емес», – деп мәлімдеді Өстеміров.

Бүгінде мұндай жағдайлар бар. Мәселен, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихаттары бекіткен жарнама нысандары туралы ережелер әр түрлі болғандықтан және  қосымша талаптар орнатылғандықтан, бұл кәсіпкерлердің наразылығын тудырды. Себебі бұл жағдай оларға бизнес құру мен оны дамытуға мүмкіндік бермей отыр.

Ұлттық палата өкілі бұған дейін мәслихаттарға  құрылыс салудың аумақтық ережелерін орнату өкілеттігі берілгенін ескертті.  Тәжірибені талдау арқылы бұл кәсіпкерлер үшін де, азаматтар үшін де әкімшілік кедергілер тудыратыны белгілі болды. Ұзақ талқылаудан соң Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» Палатасының дәлелдерімен келісіп, Құрылысты ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат рәсімдерінен өту ережелерін жасау және бекіту бөлімінде заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді. Аумақтық ережелер жасап шығаруға мәслихаттарға өкілеттік беруге тыйым салынды.

Жоғарыда көрсетілген аналогия бойынша жарнама нысандарын орналастырудың жеке аумақтық ережелерін бекіту жүзеге аспайды деп сенеміз. Алдағы уақытта «Атамекен» Палатасы барлық өңір үшін бірыңғай талаптар орнату позициясын қорғайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер