«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесмендер сақ болуы тиіс

2016 жылғы 17 Ақпан
- Астана қаласы
9197 просмотров

Астанада 650 нысанның лаңкестікке қарсы қорғанысына тексеру жүргізіледі

Адамдар көп шоғырланатын жерлердегі нысандардың лаңкестікке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері Астана қ. Кәсіпкерлер палатасында өткен арнайы семинарда талқыланды.

«Іс-шара Астананың ҰҚКД, ТЖД және ІІД өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды және кәсіпкерлерге нысандардың лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды, сонымен қатар мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылды түсіндірді. Ашық сұхбат кәсіпкерлік нысандарындағы қауіпсіздікті арттыруға көмектесеріне сенімдімін», – деп атап өтті семинарды ашқан Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Бауыржан  Бейсенов.

Іс-шара барысында Астана қ. ІІД Экстремизммен күрес жөніндегі басқарма өкілі Бауыржан Лепесбаев нысандардың лаңкестікке қарсы қорғаныс саласын құқықтық реттеу жүйесі қалай құрылғаны, сондай-ақ, кейбір заңнамалық актілерге лаңкестікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жөнінде айтып берді.

«Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және лаңкестікке қарсы іс-қимыл жөнінде 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар нормативтік құжаттар әзірленді, олар сонымен бірге, белгілі бір нысанның лаңкестікке қарсы іс-қимылына қатысты басшының іс-әрекетін реттейді. Әрбір басшыға екі негізгі функция жүктелген – бұл нысанның техникалық қорғалуын қамтамасыз ету, оның ішінде рұқсатнамалық тәртіпті ұйымдастыру, нысандардың заманауи инженерлік-техникалық күзет құралдарымен жарақтандырылуы, сондай-ақ, персоналды қандай да бір қатер төнген жағдайда тиісті іс-әрекет жасауға үйрету», – деп түсіндірді Бауыржан Лепесбаев.

Ол Астана қаласы бойынша лаңкестікке қатысты осал деп танылған нысандардың Тізіліміне 650 нысан кіргенін атап өтті. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері олардың лаңкестікке қарсы қорғалуын тексеру басталды. Осы жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес нысандары – сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар және т.б. тексеруден өтеді. Екінші тоқсанда білім беру нысандары тексеруге алынады, ал үшінші тоқсанда – денсаулық сақтау нысандары, төртіншіде – мәдениет нысандары кезекте тұр.

Астана қ. ІІД Экстремизммен күрес жөніндегі басқарма өкілі кәсіпкерлерді осыған назар аударуға шақырды және нысандардың қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтары бар болса, оларды алдын ала беруді ұсынды. Өйткені, қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда кәсіпкерлер ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Астанадағы ҰҚКД өкілі Руслан Туғанбаев жедел өткізілген эксперименттердің нәтижесіне жіті назар аударды, осы шаралар барысында қызметкерлердің ықтимал лаңкестік қауіп-қатерлерге дайындығы анықталған болатын.

Астана қ. ТЖД өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Орал Абдрахманов нысандардағы өрт қауіпсіздігіне қатысты, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңға енгізілген өзгертулерді түсіндіріп берді. 

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласындағы бүкіл заңнамалық және нормативтік актілерді толыққанды әрі дер кезінде іске асыру арқылы лаңкестікке қатысты осал саналатын нысандардың қорғалуын қамтамасыз етуге, лаңкестік қауіп-қатерлерден алдын ала қорғануға болады, бұл лаңкестікке қарсы мемлекеттік іс-қимыл жүйесінің тиімділігін арттырады деген сенімдерін білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер