«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ерекше өнім

2016 жылғы 04 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8311 просмотров

Ақтөбелік «Қыпшақ» шаруа қожалығында мал жемдерін өңген бидаймен алмастырмақшы

Сазды елді мекенінде екі жылдан бері жұмыс жасап жатқан шаруа қожалығында жүзден аса асыл тұқымды ешкілер, «ангус» және «голштин» тұқымдас ірі қара мал бар. Олардың сүтті-етті бағытта болуы басты артықшылықтары саналады.

«Жұмыс істегенімізге екі жылдан асты. Осы уақыт ішінде қожалыққа өз қаражатымыздан 50 миллионнан астам ақша салдық. Олардың ішінде сүтті малдар басын ақырындап көбейтіп жатырмыз. Мәселен, ешкілер күніне 1,5-5 литр сүт береді», – деп бөлісті «Қыпшақ» шаруа қожалығының басшысы Қонысқали Дүйсенбин.

Биыл қожалық иесі жемді өз қолымен даярлап көрмек. Қожалық аумағындағы шағын ғимаратты арнайы жөндеуден өткізіп, қажетті электр жабдықтарын орналастырған. Жақын арада бұл жерде бидай өсіретін жылыжай болады. Онда 154 науа бар. Оның әрқайсына 2 кг-ға дейін дән егілетін болады. Бір апта бойы шаруалар бір науадан 7-ден 14 кг-ға дейін өнім ала алады. Мұндай бидайдың құндылығы  пішенге қарағанда анағұрлым жоғары.

Қонысқали Дүйсенбиннің айтуынша, бидай «В» тобындағы дәрумендер мен кальций, магний, марганец, мырыш және өзге де микроэлементтерге бай. Бидай қабықтарында Е витаминдері де көп. Нәтижесінде, бірегей өнімнің арқасында сауылатын сүт мөлшері 15-20%-ға артады.

Бүгінгі күні шаруа қожалығы мемлекет қолдауына мұқтаж. Әрбір тиынның  өз орны бар. Мәселен, ауданы 2000 шаршы метр болатын мал жемдеу алаңы мен сүт-тауар фермасының құрылысы секілді маңызды іске жұмсалатын болады. 

Қонысқали Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, жайылым мен сүрленген жем өсіру үшін ауданы 3000  гектар болатын жер телімін алуға қолұшын созуды өтінді. ӨКП сарапшылары да өз кезегінде Ақтөбе қаласы әкімдігінен кәсіпкер өтінішін қанағаттандыруды сұрап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер