«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаржы қолжетімді бола түсті

2016 жылғы 05 Наурыз
- Ақтөбе облысы
10828 просмотров

Шағын және орта бизнестің 15 субъектісі 70 миллион теңгеге тарта қарыз алды

ӨКП Алға филиалы «Атамекен» Ұлттық палатасының қаржы саясатына белсенді түрде қолдау білдіреді. «Тек ақпан айының өзінде ғана біздің филиал «Ақтөбе ауыл микронесие» ЖШС МНҰ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-пен өзара ықпалдасып, нәтижесінде ШОБ-тың 15 субъектісі жалпы құны 69,3 млн.теңге көлемінде қаржыландырылды. Оның ішінде 7 кәсіпкерлік қызмет субъектісіне «Ақтөбе ауыл микронесие» ЖШС МНҰ 30 млн.теңге көлеміндегі қаржы бөлді», – деп жағымды жаңалықпен бөлісті филиал кеңесшісі Жандос Қойтілеуов.

Бұл қаражат облыстық бюджеттен шағын мал жемдеу алаңдарын, жылыжайлар, сүт қабылдау орындарын, қоян өсіру шаруашылығы мен құс өсіру шаруашылығын дамыту мақсатында бөлініп отыр. Сонымен бірге, Алға ауданы «Ауыл кәсіпкерлігі» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасын белсенді түрде игеруде. Аталмыш бағдарламаны ауылдық елді мекендерде, моно және шағын қалаларда кәсіпкерлік бастаманы несиелеу мақсатында  Өңірлік палата облыстық әкімдік және «АШҚҚҚ» АҚ-пен бірлесе жасап шығарған. Ақпан айында 39,3 млн. теңге игеріліп, ШОБ-тың 8 субъектісі қаржыландырған.

«Бүгінгі күні Алға филиалы сервистік қызметтерді белсене атқаруда, сондай-ақ ол жобаларға толық қаржыланғанға дейін және бизнес аяқтан тік тұрғанша қолдау көрсетеді», – деді менеджер-кеңесші Жандос Қойтілеуов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер