«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мартөкте «Коминтерн» АТК құрылды

2016 жылғы 04 Сәуір
- Ақтөбе облысы
9141 просмотров

Мартөк ауданында тұңғыш ауылшаруашылық тұтынушылар кооперативі құрылды

Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары ауылдық округтерде АТК құру жөнінде белсенді жұмыс істеуде.

Атап айтқанда, Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының Мартөк ауданындағы филиалының директоры Бернияз Длимов ауылдық округтер әкімдерімен және ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті, кездесу барысында ол ҚР-ның «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңына түсіндірме берді. Осы шаралардың нәтижесінде әділет органдарында «Коминтерн» атты бірінші ТК тіркеуден өтті, оның төрағасы –  Асылжар Байтілеуов.

Жалпы ет бағытындағы мүйізді ірі қара мал басын ұлғайту идеясы үш шаруа қожалығын және бірнеше ондаған қосалқы шаруашылықтарды біріктірді. Қазір кооперативте бұрынғы базаларды қайта жаңғырту басталды. ТК басшысы Мартөк ауданының таяу маңдағы көптеген  ауылдарын аралап шықты.

«Тұрғындар бірігуге дайын, бұның пайдалы екендігіне сенімді. «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңына өткен жылдың күзінде қол қойылған болатын. Онда кооператив мүшелерінің іс-әрекеті айқын үйлестірілген және ортақ мүліктің мүдделері қорғалған. Мал ұстайтын әрбір тұрғын субсидия ала алады, яғни бүгінгі күні мемлекет бір бас малды ұстау үшін 18 мың теңге береді және оған қоса олар өткізетін сүт субсидияланады. Бұл барлығына, фермерлік шаруашылықтарға да, ауыл тұрғындарына да пайдалы», – дейді Асылжар Байтілеуов.

Қазіргі таңда АТК ортақ мал ұсталатын ескі базаларды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Өндірістік кооперативке жайылымдық қосымша жер телімі де қажет. Оны алу аса қиындық туғыза қоймайды. АТК-нің мүмкіндіктері кез келген шаруа қожалығына қарағанда анағұрлым кең. Енді оның мүшелеріне асыл тұқымдық бұқаларды сатып алу және несие алу оңай болмақ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері ақпараттық қолдаумен қоса, облыс аудандарында АТК-ні тіркеуден өткізуге қатысты бүкіл құжат айналымын жүргізетін болады.

Жалпы алғанда, бүгінгі күні тоғыз ауылдық кооператив тіркелген. 17 ауылшаруашылық өндірістік коперативін ашу жоспарланып отыр, оған 21 ШҚ, 500-дей қосалқы шаруашылық бірігеді, оларда 5 мыңға жуық төлдейтін мүйізді ірі қара бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер