«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Күләнданың түрлі-түсті тұшпарасы

2016 жылғы 05 Сәуір
- Ақтөбе облысы
9034 просмотров

Кез келген кәсіптің пайда әкелуі сауатты маркетингтік қадамдарға тікелей байланысты

Бұған Темір ауданындағы кәсіпкер көзін жеткізді

Кеңқияқ ауылының тұрғыны Күләнда Жаманова асүйде қызықты тәжірибе жасайды. Қолдан жасалған түшпараны түрлі-түсті етіп бояйды. Соны пісіріп, немерелеріне ұсынады. Олар жеп көріп, дәмді екендігін айтады. Балаларына жасағаны ұнаған соң, зейнеткер қызына өз кәсібіңді аш деп ақыл айтады.

Осы ойларын жүзеге асыру үшін әйелдер Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кәсіпкерлер палатасы бөліміне келеді. Бөлім директоры Айдос Мырзағали «Ақтөбе-стартап» атты бизнес-идеялар байқауына қатысуға ұсыныс жасайды. Соның нәтижесінде Нұрлыайым Балмағамбетова 1 миллион теңге ұтып алды. Ақшаны ала сала іске кіріседі. Оның көңілді түшпарасы қолдан қолға тез сатыла бастаған соң ісін ұлғайтуды ойластырады. «Кәсіп игерудің жол картасы» бойынша тағы да 3 миллион несие алады.

«Өндірісімізде тек отандық өнімді қолданамыз. Бояудың орнына қызылшаның немесе сәбіздің табиғи шырынын қосамыз. Бір тәулікте біздің цехта 80 келі тұшпара жасалады. Әзірге жергілікті дүкендер мен облыстағы сауда орталықтарына жеткізіп отырмыз. Ісіміз өнетін болса, көрші өңірлерге де сауда жасасақ па деген ниетіміз бар», – деді өз сөзінде Нұрлыайым Балмағамбетова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер