Түлектерге кәсіби бағыт-бағдар көрсетілді
Ақтөбедегі «Кәсіпкерлік мектебінің» түлектері сертификаттарға ие болды
2015 жылдың басында Ақтөбе политехникалық колледжінде Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен «Кәсіпкерлік мектебі» ашылған еді. Өңірдегі осы жоба айтарлықтай тиімді жүргізіліп жатқан бұл жалғыз оқу орны. Қазіргі уақытта студенттердің үшінші легі бизнес жүргізу әліпбиімен танысуда. Мектепте сабақты факультативті курс ретінде аптасына екі мәрте кәсіби лекторлар мен бизнес-тренерлер, сондай-ақ табысты кәсіпкерлер жүргізеді. «Кәсіпкерлік мектебі» шеңберінде студенттер кәсіпорындарға топсеруен жасап, табысты кәсіпкерлермен кездесті және т.б. Одан бөлек, студенттер өз бизнес-жобаларын жасады.
«Жақында 16 бала өз жобасын қорғап, көптен күткен сертификаттарына ие болды. Осы уақыт аралығында олар жеке ісін ашуды, бизнес-жоспар құруды үйреніп, мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты. Олар оқуды бітірген соң өз жобаларын жүзеге асырады, жеке бизнестерін ашады, сөйтіп болашақта табысты кәсіпкерлердің қатарын көбейтеді деген сенімдеміз», – Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Венера Шавкилова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: