«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көмек көрсетуге әзір

2016 жылғы 31 Мамыр
- Ақтөбе облысы
6894 просмотров

Кәсіпкерлікті дамыту орталығының кеңес берушілері ақтөбелік кәсіпкерлерге 2 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетті

Бұл туралы palata.kz сайтына Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекшісі хабарлады.

Оның сөзінше, 2016 жылдың басынан бастап Кәсіпкерлікті дамыту орталығы 1649 кәсіпкерлік субъектісіне 2094 сервистік қызмет көрсеткен.

КДО кеңес берушілері бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, сондай-ақ, статистикалық есеп беру, заңгерлік қызмет көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызмет көрсетеді. Одан бөлек, ақпараттық технологиялардың қызмет көрсету мәселелері бойынша, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялардың сатып алулары және жер қойнауларын пайдалану бойынша кеңес береді.

Тағы да, кәсіпкерлерден келіп түскен жер телімінің мақсатты пайдалануын өзгерту бойынша кәсіпкерлік қызметтегі нысандар құрылысын салу мәртебесінің ауысуына қатысты рұқсат беру құжаттарын алу жөніндегі өтінімдердің 31-і қанағаттанарлық жауап алды.

«Көптеген кәсіпкерлер техникалық мәселелер жөнінде қызмет алуға, жер телімін алу және қосымша жер телімін бөлу, ЖСҚ мен ТЭН келісімі, нысандарын жария ету бойынша біздің көмекке жүгінеді», – дейді Ержан Нұрғалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер