«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқушыларға киімді өзіміз тігеміз

2016 жылғы 02 Маусым
- Ақтөбе облысы
8603 просмотров

Ақтөбелік оқушыларға арналған формаларды тігумен тек жергілікті ательелер айналысатын болады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев киім тігу қызметін көрсететін кәсіпорындардың басшыларына осындай тапсырма берді

«Ақбөбек» балаларды сауықтыру орталығын аралау барысында өңір басшысына жергілікті ательелер ұсынған мектеп формасының үлгілері көрсетілді. Іс-шараны Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанында жұмыс істейтін Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өзінің бұйрығымен орта білім беретін ұйымдарға арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіткенін еске саламыз. Осы құжатқа сәйкес, әрбір оқу орнында педагогтар мен ата-аналар комитеті бекіткен өзінің бірыңғай формасы болуы тиіс. Жыл сайын 123 мың оқушыны киіндіру үшін ақтөбеліктер 2 миллиардқа жуық теңге жұмсайды, бұл ретте мектеп формасының 93%-ы жақын шетелден тасымалданады және тек 7%-ы өңірде өндіріледі.

Бүгінгі күні өңірде мектеп формасын тігуге маманданған ателье жоқтың қасы, бірақ енді өңір кәсіпкерлері осы бос тауашаны толтыру мүмкіндігіне ие болмақ.

«Бірыңғай форманың дизайнын жұртшылықпен келісіп алу міндетті. Оны тігумен тек жергілікті кәсіпкерлер ғана айналысады. Қазір бізге форманың түсін анықтап, сапалы және бағасы қолжетімді мата, фурнитура таңдап алу қажет. Ақтөбе қаласының барлық аудандары жергілікті ательелермен мектеп киімін тігу туралы келісімшарттар жасайды. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға кәсіпкерлердің қаражаты есебінен көмектесуге болады. Осы мәселені шешуде демеушілер, сол мектептердің түлектері көмектесуі тиіс», – деген облыс әкімі форма бағасы жағынан қолжетімді болумен қатар ыңғайлы, қонымды болуы керектігін атап көрсетті.

Кездесу нәтижесі бойынша ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов және Ақтөбе облыстық Білім беру басқармасының басшысы Руслан Бегімбетов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның басты мақсаты – бірыңғай мектеп формасын енгізу.

«Біз оқушыларды сапалы формамен қамтамасыз ету және оны енгізу мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отырмыз. Біз өз тарапымыздан тігін өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды тартамыз, мектеп формасын тігетін цехтар ашамыз. Білім басқармасы кәсіпорындар мен мектептер арасында келісімшарттар жасау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін болады», – деді Нұрлыбек Мұқанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер