«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбедегі алғаш World Space Zone

2016 жылғы 03 Маусым
- Ақтөбе облысы
8446 просмотров

Ақтөбеде алғаш рет коворкинг-орталық мәнеріндегі әрі халықаралық ауқымдағы «World Space Zone» жастар бизнес-орталығы ашылмақ

Жоба авторы – кәсіпкер Ерлан Думанұлы. Жас жігіт бизнеспен 17 жасынан бастап айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 12 елге сапарлап келген. Қазірде әріптесімен бірлесіп, жоғары табысқа ие қызықты бір жобаны жүзеге асыруда.

2 маусым күні жас кәсіпкерлер ақтөбелік бизнесмендерге арналған «Франшизаны қалай құруға» болады деген тақырыпта шеберлік сыныбын өткізді. Оны Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жаңа коворкинг-орталықтың резиденттері ұйымдастырды.

«Осы жобамен біз Ақтөбеде жұмысымызды бастап жатырмыз. Жастар орталығының аумағы 400 шаршы метр, оны 3 мың шаршы метрге дейін кеңейтуді жоспарлаудамыз. Онда оқытылған қызметшілер, бизнес-бапкерлер жұмыс істемек, кәсіпкерлер онда аптаның 7 күнінде 24 сағат бойы бола алады. Ақтөбеден кейін қазақстандық нарықты бағындырып, ресейлік нарыққа шығуды жоспарлаудамыз», – дейді Ерлан Думанұлы.

Оның айтуынша, жеке іс бастау үшін бұл таптырмас орын болмақ, онда тек қана жұмыс істеп қана қоймай, тамақтануға, адамдармен араласып, тәжірибе алмасуға, өз жобаларын таныстыруға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер