«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мал шаруашылығы – басты назарда

2016 жылғы 21 Маусым
- Ақтөбе облысы
8645 просмотров

Облыста 33 ауыл кооперативі құрылған

Бұл туралы palata.kz-ке Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 33 кооперативтің 27-сі ет мал шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен 1-і, сүт және ет өңдеумен 3-і, өсімдік шаруашылығымен 2-і айналысады екен. АӨК құрамына 40 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкер, 860 жеке қосалқы шаруашылық енген. Кооперативтерге 4272 ірі қара мал басы, ұсақ малдар, жылқылар мен 34 ауыл шаруашылық техникасы біріктіріледі.

Өңірде алғашқы «Рахат+» ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, «АқтөбеАуылШағын несие» шағын несие беру ұйымынан несие алып үлгерді. Бұл қаражатты олар жерге орналастыру жұмыстарын дайындау қызметіне төлейді, сондай-ақ 5 мың гектарлық аймаққа қора тұрғызады. Маусым айының басында оның өкілдері 20 бас асыл тұқымды өгіз әкелді. Одан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да «Рахат+» АӨК-нің Беларусь МТЗ-82.1 тракторын, екі қабатты шөп шабатын машина, орамадағы пресс-жинаушы, шөп пен тіркемені тіркейтін аспалы құралдарды сатып алуға қатысты өтінімі қаралуда, оның жалпы құны 12,5 млн теңгеге тең.

«Тасөткел» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі шағын несие беру ұйымында 5 млн теңге болатын қарызды рәсімдеуде және лизингке 25 бас асыл тұқымды өгіз алуды жоспарлауда. «Аңар» мен «Айке» 2000 гектардан жайылымдық жер алды.

«Одан бөлек, ӨКП сарапшылары Ақтөбе қаласында 1000 тонналық жеміс сақтау орнынының, 1000 тонналық көкөніс сақтау орнының және аспаздық цехының құрылысы бойынша жобаны сүйемелдеуде. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында қуаттылығы тәулігіне 1 тонна сүт өңдеуге есептелген цех ашуды жоспарлап отырған жеке кәсіпкер Болат Шановқа барлық қажетті көмек көрсетілуде. Кәсіпкерге бизнес-жоспар әзірленіп, ғимаратты жөндеуге сметалық құжаттар әзірлеуге көмек берілуде. «Ауыл кәсіпкерлігі» бағдарламасы бойынша ЖК-ның жобаны қаржыландыруға берген өтінімі мақұлданды», – деп атап өтті Нұрлыбек Мұқанов.

Заң жағынан көмек беруден бөлек ӨКП Еуропа қайта құру және даму банкімен «Коминтерн» АӨК үшін 280 орынға шақталған сиыр қорасын қайта құруға, жеміс-жидек сақтау орнын салуға және басқа да мәселелер бойынша жобалық-сметалық құжат дайындау барысында консалтингтік қызмет көрсету құнын өтеу туралы келіссөздер жүргізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер