«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Міндетті медициналық сақтандыру: шетелдік тәжірибеге зер салу

2016 жылғы 21 Маусым
10622 просмотров

Польша сарапшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізудегі тәуекелдерді қалайша азайтуға болатындығы туралы айтып береді

Өткен жылдың соңында «Химфарм» АҚ мен Polpharma инвесторларының шақыртуымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Польшаға жұмыс сапарымен барып қайтты. Онда денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар Қазақстаннан барған әріптестеріне медициналық сақтандыру жүйесін, сол елде 90-жылдардың соңынан бастап бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылып келе жатқан сақтандыру жүйесінің түрлі мысалдарын, олардың артықшылықтары мен кемшін тұстарын таныстырып, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек құнын төлеу мәселелерін сөз қылған еді.

Поляктар тарапы Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қалыптастыру мен дамыту кезеңінде тәуекелдерді азайту үшін тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға келіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, медициналық компаниялардың өкілдерімен кездесуге дайын екендіктерін білдірген-ді.

30 маусымнан 1 шілдеге дейін «Астана» медициналық университетінде поляк сарапшыларының қатысуымен семинар өтеді. Польшадан келетін делегацияны ұйымдастыру және қабылдау мәселелерін «Химфарм» АҚ өзіне алып отыр. Оның инвесторы Еуропада дәрі-дәрмектер шығаратын ірі өндіруші саналатын Polpharma поляк компаниясы.

Семинарға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуемттік даму министрлігінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының, «СК-Фармация» ЖШС басшылары мен Парламент мәжілісінің депутаттары, қауымдастықтардың, сарапшы қоғамдастығының, сақтандыру компанияларының, денсаулық сақтау саласындағы ірі жұмыс берушілердің өкілдері қатысады.

Соңғы он жылдың ішінде Польша Республикасының денсаулық сақтау жүйесі бірқатар ремормаларды өткеріп, бүгінгі таңда халықтымедициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің дамыған механизміне ие. Тарихи жағынан да, экономикалық жағынан да Қазақстан мен Польшаға тән дүниелер жеткілікті. Посткеңестік денсаулық сақтау жүйесінің еуропалық жүйеге өту мен міндетті сақтандыру жүйесін енгізу саласындағы поляк тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты болмақ.

Польша спикерлері туралы ақпараттармен мына жерден танысуға болады.

Семинар бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер