«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын сапа: Кім жүзден жүйрік?

2016 жылғы 24 Маусым
- Ақтөбе облысы
6439 просмотров

Облыста «Алтын сапа» конкурсына қатысатын кәсіпорындардан өтінімдер қабылдануда

30 ақтөбелік кәсіпорын өкілдері өңірлік оқу семинарына қатысты, оның барысында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің критерийлерін  бағалауды жүргізу тәрібі мен әдістемесі талқыланды.

Семинарды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды және Қазақстанның 12 қаласында бизнеске арналған оқу семинарлары өтті.

Еуропа сапа менеджменті қорының Еуропа сыйлығының асессоры Мадина Мұқатова бір күн бойы  конкурста бақ сынайтын кәсіпорындардың өкілдері мен сарапшыларын оқытты.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті кәсіпорындардың бұл конкурсқа қатысуға  жеткілікті тәжірибесі  бар. Былтыр Ақтөбе рельс-арқалық зауыты «Жылдың үздік индустриалдық жобасы» аталымы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығына ие болды. Өткен жылы «Айс плюс», «Ақбұлақ» компаниялары атап өтілді. 

Бүгінде Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға 18 өтінім, ал «Алтын сапа» конкурсына 4 өтінім қабылдады.    

Семинар барысында компания өкілдеріне ұйымның іс-қызметіне бағалау жүргізу бойынша барлық қажетті кеңес-әдістемелік көмек көрсетілді, оларды өткізу тәртібі мен ережелері түсіндірілді, Еуропалық сапа менеджменті қоры (EFQM) үлгісі оқып-зерттелді.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша сарапшы-аудитор ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйақысын иемденуге өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданатындығын тыңдаушылардың есіне салды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер