«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт өндірісінің толық циклы қалыптасқан

2016 жылғы 16 Тамыз
- Ақтөбе облысы
5131 просмотров

Былтырғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында ІІІ дәрежелі дипломға ие болған «Айс-плюс» ЖШС Ақтөбе облысындағы сүт өңдеумен айналысатын ең ірі кәсіпорындар қатарында.

Аталған белді көрме-байқау жеңімпазы, тиісті игілікті іске 1999 жылдан кіріскен екен. Бүгінгі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктес аумағында сүт кластері ұйымдастырылып, оған ағарған өндірісіне ден қойған 40-тан астам ауылшаруашылық нысаны кіруде. «Айс-плюс» компаниясының артықшылыққа ие ерекшелігі сонда, «сиыр сауу фермасынан дүкен сөресіне дейін» қағидатындағы тұйық өндіріс циклы толықтай қалыптасқан.

Осы орайда қаймағы алынбаған және қышқыл дәмді сүт, мұздатылған әрі табиғи өнім сияқты шығарылатын өнімдер таңдауы да кең болып, 60-тан көп тауар аталымы сауда орындарына жеткізілуде. Мысалға, балмұздақтың 23 түрі назарға ұсынылса, қышқыл сүттің құрамы байытылып, саналуан мөлшерде сатылуда. Тіпті соңғы кезде тұтынушылар тілегін ескере отырып, майлылығы 4 пайыз айранның жаңа желісі іске қосылған.

Өткен жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайысында озық үлгілі азық-түлік кәсіпорны атанғанша да, «Айс-плюс» басшылығы мен ұжымы түрлі марапаттарға қол жеткізген. Мәселен, 2003 жылы Ақтөбе өңіріндегі кәсіпкерлік саланы дамытудағы сіңірген еңбегі үшін аймақтық додада қара үзіп, 2005 жылы «Жылдың үздік азық-түлік тауарлары» байқауында бірінші орынды еншілеген. Сонымен қатар, осы жылы, ИСО 9001-2001 халықаралық сапа менеджменті сертификатына лайық деп танылған. 2007 жылы Мәскеу қаласында компания өкілдеріне «ТМД үздік компаниясы» дипломы мен «Достастық жұлдызы» құрмет белгісінің алтын медалі табысталған. Сәйкес жылдың жаз мезгілінде Еуропа бизнес ассамблеясы «EuropeanQuality» халықаралық атағын тапсырған. Бұл дегеніңіз, өнімнің жоғары сапа көрсеткіштері мен бәсекеге қабілеттілігі атап өтілген. Осылай марапаттар легі жалғаса береді.      

Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылы сүт өндірісі көлемін ұлғайтқан «Айс-плюс» ЖШС-да, қазіргі уақытта 220 адам жұмыспен қамтылған. Айына 800 тонна өнім өндіріліп, Ақтөбе қаласындағы барлық супермаркет сөрелерінде жергілікті сүт өнімдері тұр. Ал, кәсіпорын басшыларының көздегені өнімді республикалық көлемде тарату және сыртқы нарықты да бағындыру.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер