«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Теорияны тәжірибемен нығайтқан жөн

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Жетісу облысы
5200 просмотров

Жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері студенттерге арнап дәріс оқитын болды

Жетісу мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өтті. Кездесуде оқыту жоспарлары мен кадрларды даярлау жоспарлары талқыланды. Жұмыс отырысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы, Мектепке дейінгі жекеменшік білім беру мекемелерінің басшылары мен әдіскерлері, Инновациялық және психологиялық зерттеулер орталығының жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасының қызметкерлері қатысты.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2016 жылғы қыркүйектен бастап дуальды оқытуды енгізу республикалық жол картасының қатысушысы атанған.

Кездесуде мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдары түріндегі әлеуметтік серіктестер мен Палата сарапшылары жұмыс жоспары және «Мектепке дейінгі білім және тәрбие» мамандығы бойынша оқу бағдарламаларын талқыға салып, дуальды оқыту жөнінде үшжақты шартқа қол қойды. Бұл әлеуметтік серіктестерді ӨКП тартқан болатын. Еске салсақ, бұған дейін, биылғы жылдың мамыр айында университет пен Палата арасында өзара ынтымақтастық туралы шарт жасалған. Оның аясында бірқатар шаралар, оның ішінде облыстағы жалғыз университетті республикалық дуальды оқыту жол картасына енгізу қарастырылған.

«Бүгінгі таңда оқу-өндірістік процестің маңызды тұсы бұл жұмысқа жұмыс берушінің өзінің қатысуы болып саналады. Жұмыс берушілердің ұсыныстары сабақ бағдарламаларын жасауға негіз болуы тиіс. Себебі, студент оқу орнын аяқтаған соң, жоғары білікті маманды қажет ететін жұмыс берушіге жұмыс істеуге барады. Бағдарламаға сәйкес, биылдан бастап бірінші курс студенттері «Intellecity», «Ашура» және «Қарлығаш» секілді жекеменшік балабақшалардан тәжірибеден өте алады. Бұл мектепке дейінгі мекемелер өңірдегі ең ірілері болып саналады. Олар ең заманауи материалды-техникалық базамен жабдықталған. Сонымен бірге, мекеме әдіскерлері тәжірибелік сабақтарды жүргізіп қана қоймай, университетте теориялық курстар да өткізетін болды. Кафедра басшылығы студенттерге дәрістер өткізу үшін іс жүзіндегі мамандарды тартуды көздеп отыр», – деді Кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Ардақ Қашқарова. Сонымен бірге, Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар қауымдастығы оқу орнымен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қойып, өзге де бағыттар бойынша қарым-қатынас жасамақ.

«Біздің мамандардың тәжірибесі мол. Бұл тәжірибені біз студенттермен бөліскіміз келеді. Университетте оқытылатын теориямен тереземіз тең. Егер оқу орны ғылыми негіз қалыптастырса, біз тәжірибе арқылы машықтандырамыз. Бүгінгі күні біз біліктілікті арттыру, оқу-әдістемелік материалдар мен инновациялық технологияларды жасау жөнінде бірлескен шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар қауымдастығының төрайымы Маржан Ахметжанова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер