«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа өзгерістер жаршысы

2016 жылғы 18 Қараша
- Жетісу облысы
5551 просмотров

Бухгалтерлер клубының мүшелері Талдықорғанда өткен өңірлік конференцияға қатысты 

Семинарды Орталық бухгалтерлер үйі Алматы облысы Мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп ұйымдастырған. Конференция 2016-2020 жылдарға арналған заңдағы өзгерістерді талқылауға арналды, оған облыстың жүзден аса есепшісі жиналды. Жиында сертификациядан өткен тәжірибелі бухгалтер, Орталық бухгалтерлер үйінің сарапшысы Елена Коломейцева сөз алды. Сарапшы салық заңнамасындағы өзгерістер туралы тәптіштеп айтып берді, мамандардың сұрақтарына жауап беріп отырды. Оған қоса бухгалтерлердің кейінгі жұмысына пайдасы тиіп қалар деген ақпараттық ресурстармен таныстырды.

Бухгалтерлер кездесуіне Кәсіпкерлер палатасындағы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Анар Қалабаева Клуб қызметі туралы айтып берді. Оның айтуынша, ұйым салық мәдениетінің деңгейін көтеруге, салық төлеуге, кедендік заңнамаға, есеп өткізу мен әкімшілік тәжірибеге қатысты жиілеп кеткен сұрақтарға жауап беру үшін құрылған.

«Біз бухгалтерлер тарапынан осыншалық белсенділік туып, олар шараға бірлесе атсалысады деп күтпеген едік. Заңнамалық актілерге көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқанынан хабардарсыздар. Кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген кәсіпкерлер мен олардың қоластындағы қызметкерлер үнемі жаңа өзгерістерді біліп отыру үшін, нормативтік-құқықтық құжаттармен таныс болуы шарт. Бірақ оған уақыт бола бермейді. Сондықтан біз Бухгалтерлер клубын құрып, алғашқы отырысымызды өткіздік», – дейді Клубтың модераторы А.Қалабаева.

Анар Қалабаева қатысып отырғандардың барлығын Клубтың 23 қарашада сағат 15-00-де Кәсіпкерлер палатасында өтетін келесі отырысына шақырды. Екінші отырыста электронды шот-фактураны енгізу  мен заңнамадағы өзгерістерді талқылау күн тәртібіне қойылмақ.

Клубтың мүшесі болу үшін келесі телефондарға хабарласып, тіркелу керек: +7 (728) 401 498, 401 443 немесе мына электронды поштаға хабарласыңыздар: a.kalabaeva@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер