«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев мемлекеттік марапаттарды табыстады

2016 жылғы 13 Желтоқсан
16706 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер мен Палата қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады

«Атамекен» ҚР ҰКП басшысы шараға қатысушылардың барлығын ел егемендігінің 25 жылдығымен құттықтады. «Тәуелсіздік бізде кәсіпкерліктің дамуына жол ашып берді. Бизнес-қауымдастығымыздың бүгінгі табыстары азаттықтың арқасында мүмкін болды. Сондықтан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында барлығыңызды осы тамаша күнмен құттықтап, Елбасының саясатының арқасында Қазақстанда бизнес аяғынан тік тұрғанын айтқым келеді. Бүгінде Қазақстанның бизнесі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Біз ауқымды жұмыс атқарып отырмыз, салмақты әлеуметтік жүктеме артылған, үлкен еңбек ұжымдары иек артады, жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлейміз, соның арқасында мықты мемлекетіміз, мықты әлеуметтік саясатымыз бар», – деді ол.

Тимур Құлыбаев «Атамекеннің» Қазақстанның барлық бизнес-қауымдастығын біріктіретін орган екенін атап өтті. «Сіздермен жұмыс істеуге мүмкіндігім болғанын мақтан етемін, құрметті әріптестер. Кәсіпкерлердің мүддесін қолдау, билікпен сұхбат құру істеріне «Атамекеннің» қандай қомақты үлес қосып отырғанын түсінемін. Көп жұмыс атқардық. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, Қазақстандағы бизнес-ортаны жақсарту бағыты бойынша жұмыс істеп келеміз. Мақтан тұтарлық дүниеміз бар деп ойлаймын. Елбасы да «Атамекеннің» жұмысын атап өтті. Біз оның және Қазақстанның барлық бизнес-қауымдастығының сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Бірлесе отырып, алдымызға қойған барлық міндеттерімізді орындай аламыз деп сенемін», – деп сөзін түйіндеді «Атамекеннің» басшысы.

«Парасат» орденімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов марапатталды.

«Өнерпаз» ЖШС директоры, Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Әлия Бекқожиева «Құрмет» белгісінің иегері атанды.

Сондай-ақ Төралқа басшысы «Таң» ЖШС құрылтайшысы Жамбыл Бегмановқа, «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекешевке, Көкшетаудағы «ForteBank» филиалының директоры Талап Рахмановқа және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийге «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыс етті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасарлары Нұржан Әлтаев, Рүстем Жүрсінов, Юлия Якупбаева, ҰКП Аппарат басшысы Эльдар Жұмағазиев «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Осындай медаль Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Глотур-К» ЖШС директоры Болатбек Бәйменовке, Павлодар облысы Өңірлік кеңесінің директоры Райхангүл Сатабаеваға, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбеновке, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратовқа, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбековаға, ҰКП Агрөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрмановқа, ҰКП Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатоваға, ҰКП Бюджет департаментінің директоры Қуандық Жексенбаевқа, ҰКП Әкімшілік департаментінің директоры Данияр Бисекеевке, «DOSTYK GAS TERMINAL» ЖШС бас директоры Цзинь Чэнге, ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Ирина Тюгинаға, ҰКП Өңдеуші өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Хаким Сабировке, ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімоваға, ҰКП Сатып алулар және жергілікті құрам департаменті директорының орынбасары Элмира Әубәкіроваға, ҰКП Кедендік әкімшілік жүргізу департаменті директорының орынбасары Элмира Кәрімоваға, ҰКП Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті бас бухгалтерінің орынбасары Күлжан Сәдуақасоваға, ҰКП Экономика департаментінің сарапшысы Найля Әбдімолдаеваға, ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаментінің сарапшылары Бинара Төлегенова мен Айгүл Жүсіповаға, ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Айгүл Ахметқалиеваға табыс етілді.

«Dinara-Ranch» Агрофирмасы» ЖШС бас директоры Бақыт Атайбеков «Атамекен» ҰКП-ның ІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен, ал Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер