«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәуелсіздік құрметіне

2016 жылғы 20 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
7535 просмотров

5 кәсіпкер «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне» мерейтойлық медалімен марапатталды

Ел Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов өңірлік экономиканың дамуына елеулі үлес қосқан ірі кәсіпорын басшыларын марапаттады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында барлықтарыңызды мерейтойлық медаль тапсыру үшін жинап отырмыз. Әрқайсыңыздың қол астыңызда жүздеген жұмысшы бар, олардың отбасылары бар. Сіздердің 25 жыл бойы жасаған еңселі еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан аяғынан нық тұрып, көптеген әлеуметтік мәселелер шешілді, жоғары дамыған елдердің қатарына қосылдық», – деді Нұрлыбек Мұқанов.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік және рухани әлеуетінің дамуына қосқан үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі, ерлігі мен батылдығы үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне» мерейтойлық медалі «Каспий плюс» ЖШС құрылтайшысы Жандос Пангереевке, «Новоальджанский мелькомбинат» ЖШС бас директоры Канат Тапаевқа, «DastanHotelAktobe» ЖШС директоры Аскар Абзалбековке, «Анвар» ЖШС коммерциялық директоры Рита Кужашеваға, «Сымбат 2050» ЖШС құрылтайшысы Рабиға Тасыбаеваға табысталды.

«Атамекен» ҚР ҰКП мерекелік медалімен «ДОЦ «Балақай» ЖШС құрылтайшысы Зәмзәгүл Баймағамбетова, «Айс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов марапатталды. «ДиЛэнд» ЖШС директоры Қайрат Байтүлік, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту мен әлеуметтік серіктестік бөлімінің басшысы Дамиля Құнанова, облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов пен облыстық прокуратураның бірінші басқармасының аға прокуроры Алмат Қалымбетов ҰКП-ның Құрмет грамотасына ие болды. 

ҚР ҰКП-ның Алғыс хаттарын Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары Нұрлан Махамбетов пен Қайрат Қуантайұлы алды.

Биыл нәтижелі жұмыс жасаған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының 45 қызметкері де Алғыс хаттармен марапатталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер