«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Депутаттар кәсіпкерлер мәселесіне құлақ түрді

2017 жылғы 13 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5682 просмотров

Өңірлік Палатада Мәжіліс депутаттары Глеб Щегольский мен Құралай Кәкен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Бизнесмендер халық қалаулыларына көкейлерінде жүрген проблемаларын жеткізді.

Кәсіпкерлерді сан түрлі мәселе толғандыратынын айта кету қажет. Негізінен, кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған заң жобалары талқыланды, бизнесмендер, сондай-ақ, бизнес жүргізуге қатысты мәселелерге қызығушылық білдіріп жатты. Сәулет және қала құрылысы саласында кездесетін әкімшілік кедергілерге қатысты кеңестер берілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік саладағы мәселелер де әңгімеге арқау болды.

Кездесуге қатысушылар газбен қамту, жекеменшік мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру жайын да сөз етті. Жер телімдерін алу, жобалық-сметалық құжаттама жасауға қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Кәсіпкерлер соңғы бірнеше жылдан бері кедергі келтіріп келе жатқан мәселелерін бүкпесіз ортаға салды. Ең алдымен, ол «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның жоғары тарифтеріне қатысты.

Глеб Щегельский, өз кезегінде, талаптарды тиісті органдарға өтініш жазу арқылы жеткізуге кеңес берді, ал өз тарапынан шаралар қабылдап, мәселені жақын арада шешіп беруге уәде етті.

Кездесу барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов жер салығы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы қаржыландыру, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, жер телімдері, жобалық-сметалық құжаттамалар жасау және тағы басқа салаларға қатысты жиырмадай мәселені атап өтті.

Барлық айтылған мәселелер одан ары қаралып, тиісті шаралар қабылдау мақсатында Мәжіліс депутаттарына тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер