«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік бастама елеусіз қалмайды

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6033 просмотров

Кәсіпкер Мұрат Құлтаев қаражатын жүзім шаруашылығына жұмсамақ

Оның арманының орындалуына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының сарапшылары көмектесті. Жас жігіттің 20 гектарлық жер үлесі бар. Техника мәселесі де шешіліп тұр. Алайда кәсіпкерлік қызметте тәжірибесі жоқ. Соған қарамастан, бірінші қадам жасалды. Бизнес-жоспар құру және қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпарат алынды. Егер процесс жеделдетілсе, онда осы көктемде-ақ жергілікті жоғары оқу орнының түлегі химиялық органика бойынша алған бар білімін Ақтөбе қаласының маңында жүзім өсіру ісіне қолданбақ. Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының мамандары Мұраттың бизнес-жоспарын іске асыруға нақты көмек көрсетуге дайын, өйткені өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бұл саласы ақсап тұр, қазірше ақтөбеліктер шеттен әкелінген жүзімдерді қанағат тұтып отыр.

Орташа алғанда, Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығында күніне 10-15 адамға кеңес беріледі. Олардың арасында жас бизнесмендер ғана емес, мол тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлер де баршылық.

2016 жылы облыс бойынша барлығы 3007 кәсіпкерлік қызмет субъектісіне 4158 сервистік қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда 2237 кәсіпкерге 3528  қызмет қамтамасыз етілген, бұл салыстырылмалы түрде 770 (34%) кәсіпкерлік субъектісіне артық. 637 кәсіпкерлік қызмет субъектісіне 991 маркетингтік қызмет ұсынылған. 2015 жылға қарағанда, көрсеткіш 73 (13%) кәсіпкерлік қызмет субъектісіне артқан. Нәтижесінде 714 бизнес-жобаның ішінен 226 жобаны қаржы институттары мақұлдаған. Соның ішіндегі 180 жобаны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, 8 жобаны «Агро несие корпорациясы» АҚ қаржыландырса, 3 жоба қайтарымсыз мемлекеттік грант алған. 9 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылған. Аталған жобалар бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы – 1 164 451 000 теңге. Бұл сандар жеке ісін ашуға тілек білдірген кәсіпкерлерге нақты көмектер көрсетілетіндігінің айқын дәлелі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер