Кәсіпкерлікке – мектеп қабырғасынан
Дербес бизнеске мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу қажет – бұл Кәсіпкерлер палатасының ұстанымы
Бұл жолы мақсатты топ Алға қаласындағы №2 орта мектептің 11-сынып оқушылары болды. Семинар-тренингтер үш тақырып бойынш өтті: «Жас кәсіпкер», «Өз бизнесіңді жаса», «Менің болашағым». Бизнес-тренерлер мен спикерлер – Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының сарапшылары. Бірінші модульмен жұмыс істеу барысында жоғары сынып оқушыларына рөлдер бөліп беріліп, олар бизнес ашқанда кезігуі мүмкін түрлі жағдайлар ойнатылды.
Бірінші семинарға 24 оқушы қатысты. Ойын түрінде өткізілген шара кезінде олар өздерінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін бағалады. Кәсіпкерлер палатасының Алға ауданындағы филиалының директоры Айболат Манепов семинарға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздері туралы айтып берді. Оқушыларды топтарға бөліп, әр командаға рөлдер мен ситуациялық жағдай берілді. Олар сол рөлді ойнап шығулары керек еді. Ситуациялық жағдайлар шынайы өмірден алынған, ондай жайттарға кәсіпкерлер де жиі ұшырап тұрады. Соңында оқушыларға өзін-өзі бағалау үшін бірнеше тест тапсыру ұсынылды, сол арқылы оларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген ынтаның бар-жоғын, олар өздерін аталған рөлде көре ала ма, жоқ па, соны анықтау көзделді.
Келесі іс-шаралар ауданның өзге мектептерінде өтпек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: