«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жиһаз «Made in Aktobe» таңбасымен

2017 жылғы 02 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8958 просмотров

Ақтөбелік жиһаздар шетелдік өнімдерге жақсы бәсекелес

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында индустриализация маңызды салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өнімдерді дамыту бағытында жүргізілуі тиіс деп атап өтіп, экономика мен өнеркәсіптің дамуына баса мән берді. Осыған орай, Ақтөбеде шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алатын жергілікті тауар өндірушілер де баршылық. Солардың бірі – түрлі жиһаздар шығарумен айналысатын «Динар Торгмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұл серіктестік Ақтөбе нарығында 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және компания өнімдері жергілікті тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Компания сөрелер, стеллаждар, шкафтармен қатар кеңсеге, үйге, дәріханаға арналған жиһаздар мен тағы басқа көптеген тауарлар жасап шығарады. Айта кетерлігі, барлық жиһаз жеке тапсырыспен дайындалады, бағасы да қолайлы.

Бүгінде, компанияда 19 қызметкер жұмыс істейді. Жиһаздардың барлығы заманауи қондырғылардың көмегімен сапалы шикізаттан дайындалады. Сондықтан «Made in Aktobe» жиһаздары ресейлік, беларусьтық және елдегі басқа да отандық өндірушілердің жиһаздарымен бәсекелесе алады. Десе де, компания өндіріс көлемін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен ұлғайтуды көздеп отыр. Бүгінгі күні өндіріс желісін жаңғырту мақсатында компанияға шетелдік мамандарды тарту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ал оның шығындарын Еуропа даму және қайта құру банкі арқылы қамтамасыз етпек. Қазіргі таңда осыған орай құжаттар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар компания балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарды салумен айналысатын ақтөбелік құрылыс компанияларын да жиһазбен қамтамасыз етіп тұрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер