Билік өкілдері бизнеспен кездесті
Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен байланысы – әрдайым көп уәде беретін қатынас
Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен қалай байланыс орнатуды әрдайым жетілдіріп келеді. Бұл ретте кездесу Мәртөк ауданында өтті. Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесі «Алғабас» серіктестігінің базасында көшпелі кездесу ұйымдастырды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағжан Тілегенов бастаған жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен аймақтың кәсіпкерлері қатысты.
Кедесу барысында кәсіпкерліктегі толғандырып отырған түрлі мәселелер айтылды. Оның ішінде, Мәртөк ауылында көлікпен заңсыз тауар сату, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алудың мәселесі, қаржы институттарынан несие алудың қиындығы, сүт өнімдерін өткізу мәселелері көтерілді. Сауалдардың біраз бөлігіне сол жерде жауап берілді, ал бірқатар шағымдар мен ұсыныстарды аудан әкімі нақты органдарға шешуге тапсырды.
Аудандық Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Самат Садуанов барлық салалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы 2017 жылға енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты аудан кәсіпкерлеріне уақытында жеткізуді ұсынды.
ҚР заңнамасындағы жаңа өзгертулер бойынша аудан әкімінің орынбасары агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия төлеу ережесі бекітілгеннен кейін барлық кәсіпкерлер мен аудандағы мемлекеттік органдардың басшыларын шақырып, салық, санитарлық-эпидемологиялық, өрт және монополияға қарсы салалардың қызметіне қатысты ҚР заңнамасындағы өзгертулер туралы ақпарат беретіндіктерін атап өтті.
ӨКП филиалының директоры Бернияз Делимов кездесуді қорытындылай келе, жергілікті атқару органдарының өкілдерін кәсіпкерлерден түскен арыз-шағым, өтініштерді мерзім бекітпестен, әкімшілік кедергісіз қарауды сұрады. Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету процесі барынша оңтайландырылуы керектігін, құжаттар саны мен мерзімін азайтуды, қайталанатын процедураларды қысқарту туралы айтылғанын тілге тиек етті. Оның үстіне міндетті түрде қатыспайтындай, қызмет көрсетуді электронды форматқа ауыстыру керектігін де алға тартты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: