«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өнім тұрғанда импорттың қажеті жоқ

2017 жылғы 20 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8432 просмотров

Химия саласының жас маманы Арман Ниязов бір жыл бұрын жеке технологиясымен тақта желімін шығаруды бастады. Сұраныс ұсынысты тудырады дейді кәсіпкер

Бүгінде шағын ғана цех өнімнің бес түрін шығарады. Ғимаратты әрлеуге ең қажеттілері: желім, сылақ, тегістеме бояу мен құйылатын еден. Мұның барлығы да отандық шикізаттан жасалады. Өнімнің басты артықшылығы – сапасы мен бағасының үйлесімінде. Өнім ресейлік және батыстық өнімдерден кем емес. Бағасы әрдеқайда арзан, құрамында отандық шикізат үлесі көп. Құм, цемент, қамтама – барлығы да жергілікті. Тек түрлендіруші қоспалар Қазақстанда шығарылмайтындықтан, шетелдік серіктестерден сатып алуға тура келеді дейді жас кәсіпкер.

Қазіргі бір ауысымда импорт алмастыратын өнімнің 10 тоннасы шығарылады. Бірақ бұл шектік меже емес, 2 есе шығаруға цехтың қуаты жетеді. Жас кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен тұтынушылар базасын кеңейтуге ниетті. Себебі сапасы жоғары отандық өнім дәл осындай балама өнімдерден екі есе арзан. Жергілікті құрылысшылар да шетелден әкелінген тауардан гөрі, отандық өнімді жиі қолдана бастады. Ең бастысы бұл қаржы үнемдеудің жолы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер