Талапты ізденуші білікті маманға айналды
Ақтөбелік жастар кәсіби білім алып шықты
Аспаздар мен кондитерлерді дайындайтын Ақтөбе колледжінің түлектері Ақтөбенің үздік мейрамханаларына еш қиындықсыз орналасады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстық Мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығымен бірлесіп ықпал етуде.
Ақпан айының соңғы күні Ақтөбе техникалық колледжінде аспаздық немесе кондитерлік оқуды таңдаған тыңдаушылар курсты аяқтады. Салтанатты шара «Зере» мейрамханасында өтті. Оның директоры Бану Тілегенова салалық Қауымдастықтың төрайымы бола отырып, жастарды ынталандыру мен қонақжайлылық индустриясына білікті мамандарды тартуды қалайды.
Колледж директоры Людмила Ким түлектерге арнаған құттықтау сөз сөйлеп: «Әрбір бітіруші лектің өз ерекшелігі болады. Биыл жылғы түлектер оқу орнының қоғамдық өміріне өте белсенді араласты. Бірегейліктері біздің балаларымызға әлеуетті жұмыс берушілер тарапынан ерекше қызығушылық танытуынан айқын көрінеді. Жұмыс берушілердің өкілдері біздің бүгінгі іс-шарамызға қатысып отыр», – деп атап өтті.
Бітірушілерге арнап Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов та құттықтау сөзін жеткізді. «Бүгінде біздің облысымыз жас та жігерлі азаматтармен толығып отыр. Қоғамдық тамақтану саласы қарқынды дамып келеді. Сіздің мамандықтарыңызға әрдайым сұраныс болады. Жыл басында Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі ірі кәсіпорындардың қатысуымен техникалық колледж түлектерін тәуелсіз сертификаттаудан өткізді. Сол кезде Қазақстан қонақ үйлері мен мейманханалары қауымдастығының жанындағы «Қонақжайлылық индустриясын сертификаттау орталығы» ЖШС бас сарапшы болды. Іс-шара оқу орнын бітірушілердің алдағы уақытта жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай шараларда жұмыс берушілердің тікелей қатысуы түлектердің кәсіби дайындығының деңгейін айтарлықтай көтеруге және еңбек нарығының талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Салтанатты жиында 24 жас аспаз бен кондитерге 100% жұмысқа орналасқанын дәлелдейтін сертификат табысталды. Бұл әдістемені төмен курста білім алушылардың жақсы оқуға ынталандыру үшін дәстүр ретінде енгізеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: