«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бухгалтерлер клубы: салық төлеушілерге арналған кеңес

2017 жылғы 06 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7067 просмотров

Электронды шот-фактура енгізу мәселесі қызу талқылануда

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі барлық салық төлеушілерді Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа жобасына арналған ұсыныстар дайындау жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Кодекс жобасы облыстағы кәсіпкерлік қызметтегі барлық субъектіге танысу үшін жолданды. Кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен ескертулерін buhclubaktobe@gmail.com электронды поштасына жолдаулары керек. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов ШОБ субектілеріне «Ашық есік күні» мен бухгалтерлер мектебі кәсіпкерлік қызметін жүргізуге нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша таныстырылым  ұйымдастырған кезде хабарлады.   

Бүгінгі таңда электронды шот-фактураның енгізілуі ең көп талқыланатын мәселе екенін атап өту керек. Кәсіпкерлер міндетті электронды шот-фактураның қолдану жүйесіне наразылық білдірді. Оның қолданылуы толық жасалмағанын және нормативтік актілерде қайшылықтар бар екенін жеткізді.  

Бухгалтерлер клубының мүшелері электронды шот-фактураның қолдану жүйесіндегі шалалық жойылады деп үміттенеді. Кәсіпкерлер палатасы арқылы елдің Салық кодексінің тұжырымдамасын жасаушыларға  өз ұсыныстарын жеткізуге ниетті.

Акция Ақтөбе қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өтті. Кәсіпкерлерге, мекемелер мен кәсіпорындардың бухгалтерлеріне салық заңнамасының өте өзекті әрі маңызды мәселелерін түсіндірді. Кеден және салық қызметі мамандарының, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының жеке консультациялары күні бойы жүргізілді.

Маңызды мәселелер бойынша кеңес берілді, атап айтқанда: «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі; ҚҚС бойынша өзгерістер; ЕАЭО кедендік аумағында тауар кіргізу мен айналымның кейбір мәселелері; 2017 жылы 1 қаңтардағы салық заңнамасындағы өзгерістер; лицензиялық жинау, салық заңнамасындағы акциздар бойынша өзгерістер, кедендік заңнамадағы өзгерістер, салық кодексінің аудиторлық қорытынды бойынша салық төлеушілерді жою бөліміндегі өзгерістер; шетелдік қаржыландыру мониторингі, коммерциялық емес ұйымдарға салық салу, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған салық салу мен жеңілдіктер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер