«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дуальды білім берудің нәтижесі жемісті

2017 жылғы 06 Наурыз
- Ақтөбе облысы
5053 просмотров

Ақтөбе политехникалық колледжінің базасында үздік мамандық иесі байқауы өтті

Байқау дуальді білім беру аясында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Біліктілік емтиханы ­– «Құрылыс және құрылыс ғимараттарын пайдалану» мамандығы бойынша тас қашаушы, бетоншы, арматурашы, сылақшы  мамандығын алатын 15 бітірушіге өткізілді.

«Өңірде құрылыс индустриясы қарқынды даму үстінде, маман жетіспеушілігі сезіледі, қазір бизнес өзінің сұранысына қарай маман дайындауға белсенді араласуы керек. Бұл өзінің маман әлеуеті мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру болады. Себебі мамандар барлығын шешеді ғой, оның ішінде өзінің де», ­– деді ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі Дәмилә Құнанова.

Емтиханды «Химстрой», «Alinex» пен «Стройдеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары қабылдады. Бұл кәсіпорындар «оқытатын кәсіпорын» мәртебесіне ие және студенттер дуальді білім беру шеңберінде өндірістің барлық кезеңінен өткен. Оның үстіне, бір ай ішінде  «Alinex» ЖШС Ринат Бакенов «Алина» СБ өнімінің жаңа технологиясын қолдана отырып, пайдалану материалдарын беріп, «сылақшы» біліктілігі бойынша оқытуды жүргізген.

Студенттер болашақ жұмыс берушілер қатысқанда, әрине, толқыды, дегенмен олардың берген кеңестерін зейін қоя тыңдап, үйренген машықтары мен икемділіктерін көрсетуге тырысты. Бұл студенттер оқудың барлық кезеңін колледжде ғана емес, сондай-ақ кәсіпорында өткенде ғана дуальді білім берудің құныдылығы мен нәтижесі болады. Жұмыс берушінің де жеке біліктілік талаптары мен ерекшеліктеріне қарай дайындықты реттеуге бірегей мүмкіндігі болды. Қорытынды шығарғанда кәсіпорын басшылары бітірушілердің дайындығы жоғары екенін атап өтті.

Барлығы бірдей жұмысшы мамандығы бойынша жұмысқа шақырылды, «Химстрой» ЖШС екі бос жұмыс орнына сала шеберлері қызметіне шақырту берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер