«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жақсылықтың жаршысы болған бизнес

2017 жылғы 15 Наурыз
- Ақтөбе облысы
6519 просмотров

Тұрмысы төмен отбасылардың 40 мүмкіндігі шектеулі баласы «Зере» мейрамхана кешенінен сыйлық алды

Кәсіпкер Ертарғын мен Бану Тілегеновтер соңғы төрт жылда тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысып келеді. Жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында «Зере» кешенінің жарқыраған залында ұлттық тағамдар молынан салынған, наруыз көже құйылған кең дастархан жайылады.

Биылғы жылдың мол дастарханының басында да шынымен көмекке мұқтаж жандар отырды. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан ерекше күтімді қажет ететін балақайлар ата-аналарымен бірге шақырылды, сондай-ақ Аналар үйіндегі жас аналар да қатысты.

Бану Тілегенова мен оның отбасының бастамасының арқасында қонақтар жайлы да жылы, шуақты күйде бас қоса алды. Қайырымдылық шарасына әріптестері де қолдау білдірген. «Таксим» кафесі дастарханды жеміс-жидектермен толтырса, «Жас Отау» кафесі Аналар үйіндегі балаларға қажетті заттарды сыйға тартты. «Зере» мейрамхана кешенінің қызметкерлері барлы балаларға ойыншық тарту етті. Ал Тілегеновтер отбасы әрбір балаға спорттық костюм сыйлады.

«Әрбәр адамның бойында жақынына деген жанашырлық сезім болу керек деп ойлаймын. Менің ата-анам бала кезімнен осыған тәрбиеледі. Көптеген кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік топ өкілдеріне арнап осындай шараларды ұйымдастыратындарына қуаныштымын. Әріптестерім осындай ізгі ниетті істі жалғастырады деген үміттемін», – дейді мейрамхана ісінің жетекшісі, Ақтөбе облысы мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығының төрайымы, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Бану Тілегенова.

Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Айнұр Баймұратова жақсылық жасауды міндеттеуге, одан қандайда бір табыс көруді жоспарлауға болмайтынын атап өтті. «Сіздің өмірлік ұстанымыңыздың бағасы жоғары. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөлетіні де ерекше қуантады. Кәсіпкерлердің көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге ынталары да қаржылай мүмкіндіктері де бар. Адамның жақсылық жасауға деген қажеттілігін ешқандай заңмен бекіте алмайсың», – дейді сарапшы.

Мерекелік жиынның ресми бөлімінде түрлі қойылымдар көрсетіліп, ойын ойнатылып, байғау ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналарға «Алақай» қуыршақ театры естен кетпес көңіл-күй сыйлады. Ал «Наурыз» қойылымында балалардың өздері де қатысты.

Кеш жүргізушілері Кәрім, әнші Дмитрий Цой мен игі іске қолдау білдірген кәсіпкерлер мерекелік кештің лайықты деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Әсерлі кештің ұмытылмас суреттерін «Дария Синема» фотостудиясы ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер