Бас бостандығынан айырылғандарды кәсіпкерлікке оқытады
Бұл бастаманы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Эмба қаласындағы филиалы қолға алып отыр
Аталмыш жобаны жергілікті Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке жаппай оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жем қаласындағы КА168/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамдарға Бизнес курстары өткізілді. Бас бостандығынан айырлағндарға бизнес жоспарлау, бизнестің заң тұрғысындағы ерекшеліктерді, көшбасшылық қасиеттер бойынша семинарлар өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл білім жеке кәсіп ашқанда кәдеге асады, өйткені заң шеңберін аттағандардың жеке кәсіп ашу бойынша идеялары көп. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Эмба қаласындағы филиалының директоры Тілек Нақыпов жазасын өтеп болған адамдар осында бастаған сүйікті кәсіптерін (қолөнер, ағаш, темірден жасалған бұйымдарын әзірлеу т.б.) ары қарай жалғастырмақ. Мәселен, ағаш ою шеберханасы, компьютер клубы немесе ауыл шаурашылығымен айналысу сынды мақсаттар қойылған.
Сонымен қатар, осы жоспарларды іске асыру үшін бұл кісілерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, УКА 168/5 мекемесі территориясы шеңберінде жеке кәсіп ашу үшін тегін орын-жайлар мен жер учаскелері беріледі. «Қазіргі таңда бұл бастамаға ынта танытып, осы мекемеде бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға орын-жайлар мен оқытудан өткен жұмысшылар тегін беріледі», – деді ӨКП директоры.
Қазіргі таңда мекеме территориясында үш жеке кәсіпкер жұмыстарын бастады. Сонымен қатар өткен жылдан бастап түзеу мекемесі базасында мектеп жиһазын жасау цехы іске қосылып, онда 20 жазасын өтеп жатқандар еңбектеніп жатыр. Бизнес-курстар өткізілген соң тыңдаушыларға «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптар табысталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: