ӨКП мен Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары кеңес береді
Ашық есік күндерінде өзекті мәселелер талқыланды
ӨКП мен Мемлекеттік кірісер басқарамасының мамандары кәсіпкерлерге құрылыс саласы, салықтық әкімшіліктендіру, басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен кеңестер беріп, ақпараттық кітапшалар ұсынды.
Кәсіпкер Ғали Халидулин мұндай шаралар салық төлеушілер үшін пайдалы деп санайды. «Мен кеңес алу үшін Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жиі хабарласамын. Бүгін нақты сұрақта бойынша арнайы келдім. Басқарма мамандары салық саласы бойынша ақпарат берді. Көп жауаптарға қанағаттанбасам да, олардың заң шеңберінде жұмыс істейтіндерін түсінемін», – деді кәсіпкер.
Кәсіпкердің салық төлеуге қатысты мәселелері тым өзекті. Бірінші сұрақ кәсіпкерлік объектісін қолданысқа берудегі төлемнің жоғарылығына, екіншісі лицензиялық алымға қатысты болды. Кәсіпкер алкогольді өнімді сатуда лицензиялық алымды төлемегені үшін айыппұл төлеуге мәжбүр.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілімен өзі түскен жаңдайды қалай шешу керек екенін талқылады. Айта кетелік Палата кәсіпкердің құқығын қорғау бойынша сүйемелдеуді қолына алды.
Заңды тұлғалықты ерікті түрде жою мәселесі процедуралары бойынша тағы бір кәсіпкерге кеңес берілді. Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі Гүлмира Арыспаева биылдан бастап салықтық тексеруде жаңашылдықтар бар екенін айтты. Мәселен, жою бойынша тексерісті салық органдарынан басқа аудиторлық компания да жүргізе алады. «Егер компания табысы бес жылдықта 120 мың АЕК-тен асса аудиторлық компания тексере алады. Бұл шашамен 262 млн теңге. Аудиторлық компания сонымен қатар қорытынды да шығара алады, соның негізінде жою жұмыстары жасалады», – деді Гүлмира Арыспаева.
Шара барысында 100-ге жуық адам кеңес алды. Көпшілік «Ашық есік күндері» аясында кеңес алаңын құрған ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларға қатысатындар электронды счет-фактуралар бойынша кеңес алды. ӨКП мен МКБ мұндай шараны үшінші рет ұйымдастырып отыр. Кәсіпкерлерге арналған келесі қабылдау сауда саласына бағытталады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: