«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматының аудандық соты кәсіпкердің мүлігіне заңсыз тыйым салды

2017 жылғы 12 Мамыр
- Жетісу облысы
5146 просмотров

Алматының аудандық соты кәсіпкердің мүлігіне заңсыз тиым салды Қылмыстық тергеу органы істің материалдарымен толық таныспаған

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Арыстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры К.Ж.Бостанов атынан Бостандық аудандық сотының заңсыз әрекеттеріне шағымдану келіп түсті.

 Өтінімде келесідей жағдай баяндалды, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Қылмыстық кодексінің 24- 262-бабтарынына сәйкес қылмыстық іс жасады деп С.Хәлимова ішкі істер департаментімен тұтқынға алынады. Осылайша Бостандық ауданының соты 2016 жылдың 3 тамызында «Арыстан» ЖШС-ның жалғыз иесі С.Х. Әлимова деп танып, серіктестің мүлігіне тиым салады.

2017 жылдың 24 қаңтарында Бостандық аудандық соты үкім шығарып, Жауапкершілігі шектеулі серіктестің мүлігі қорғалмады. Дегенмен, уәкілетті мемлекеттік органның мәлемттері бойынша «Арыстан» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы мен иесі К.Ж.Бостанов болып табылады.

 «Атамекен» ҰКП мамандары келіп түскен өтінімнің барлық құжаттары мен материалдырын зерттеді. Осындай жұмысты уәкілетті органның және судьяның атқармағаны байқалды. Құжаттар дұрыс қаралмаған, осылайша кәсіпкердің құқығы тапталған. ҚР Конституциясының 26-бабына және ҚР ҚПК-не сәйкес  мүліктің ықтимал тәркіленуін қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу кезінде тергеу судьясы мүліктің күдіктіге, айыпталушыға тиесілі екенін немесе оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылғанын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын куәландыратын нақты мән-жайларды көрсетуге тиіс.

 Көрсетілген фактілерді «Атамекен» қала прокуратурасына шығарылған сот үкімінің заңдылығын тексеруді сұрады.  Алматы қаласы прокуратурасы  Бостандық аудандық сотының К.Бостановтың мүлігіне тиым салғанын растады. Үкім заңсыз жасалғаны да анықталды.

 Осыған байланысты Алматы қалалық сотының апеляциялық алқасы 2017 жылдың 15 наурызында аталған қылмыстық істі қайта қарап, «Арыстан» жауапкершілгі шектеулі серкітестігі мүлігінен тиымды алып тастады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер