«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палата фармацевтика саласына маман дайындауға көмектеседі

2017 жылғы 13 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
5282 просмотров

 

Әңгімелесу барысы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін дуальді білім беру бойынша ондаған жеке келісімшарт жасауға ұласты.

Кездесу жемісті болды. Колледж маман дайындаудағы жетістіктерін таныстырып, жұмыс берушілер нарықта  білікті, талапқа сай фармацевт мамандардың жоқтығы жайлы айтты.

«Еврофарма» ЖШС өкілі «1-С Бухгалтерия» бағдарламасын оқытуды енгізіп, болашақ фармацевтердің бойында стреске төзімділікті қалыптастырып, клиенттермен жұмыс істеуді үйретуді ұсынды. «Актюбфармцентр» бас директоры Зауреш Бижанова ауылдық жерлерде фармацевтердің жетіспейтіндігіне, білікті мамандарды табу қиын екеніне алаңдаулы.

Осыған орай Кәсіпкерлер палатасы базалық медициналық білім бар азаматтардың қайта даярлау аясында «Фармацевт» мамандығы бойынша қосымша біліктілік алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жиын барсында «Зерде-Фито» ЖШС жергілікті филиалының өкілі білім алушыларды Оңстүстік Қазақстан облысындағы бас кәсіпорында тәжірибеден өтуге шақырды, сондай-ақ колледждің маман дайныдаудағы үлесіне алғыс білдірді. Бұл өңіраралық байланыстың орнағанының айқын көрінісі.

Дөңгелек үстел соңына дейін медициналық коллдждегі 30 білім алушы «Еврофарма», «Актюбфармцентр», «ТК Фарм», «Медсервисплюс», «Ансарфарм», «Зерде-Фито», «Стофарм», «Аманат» жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен жеке клісімшартқа отырды.

Бұл барлығы үшін өте тиімді: студент 100% жұмысқа орналасатынына сенімді, жұмыс беруші дуальді білім беру жүйесімен талапқа сай білікті маманға ие болады. Бұл туралы өңірлік палатадағы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дәмиля Құнанова атап өтті.

«Бүгінгі жиын өте жағымды жаңалыққа толы. Білім беру макемесінің қабырғасында-ақ сұраныс бар екенін білетін студенттер үшін қуаныштымын. Маман дайындауға қатысатын жұмыс берушілерге әрі колледж басшысы Мәжит Құзбақовқа алғыс айтамын. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар үшін маман дайындау мәселесіне аса көңіл бөліп отыр. Дуальді білім беру еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындаудың ұтымды тәсілі. Кәсіпорын мен оқу ордасының арасындағы тікелей байланыс орнатылып, білім алушы оқу процесінің 60% өндіріс орнында өткізеді», - деп тұжырымдады палата өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер