«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбедегі іскер ханымдар жеке кәсіп ашуға көмектеседі

2017 жылғы 19 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
9580 просмотров

Өңірдегі Іскер әйелдер кеңесі Ырғыз ауданында «Іскер әйел – табысты келешек» форумын өткізді. Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысаны ашылды, шеберлік-сыныптар өткізіліп, ауданның кәсіпкерлік әлеуетінің көрмесі ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлбаршын Айдарханова ауылдағы іскер келіншектерді алдында сөз сөйлеп, жеке кәсіпті ашу және дамыту мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді.

«Әрқайсыңыз кәсіпкерлер қатарын толықтыра аласыздар. Біз кез келген идея мен жобаны қолдаймыз. Кеңес мүшелері шалғайдағы ауылдардағы әйелдермен байланыс орнатып, оларға көмек көосетуді мақсат тұтып отыр. Хабарласыңыздар, кеңес алыңыздар, ақылдасыңыздар», - деді төрайым.

Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дәмиля Құнанова мемлекет тарапынан бизнесті қолдайтын шаралармен таныстырып, кеңес беру, оқыту, жобаларды сүймелдеу мәселесіне қатысты ақпарат берді. Ырғыз ауданында «Атамекен» палатасының филиалы бар. Жергілікті әкімдікпен тығыз байланыста.

Аудандық форумға Ырғыз ауданының әкімі Мәди Елеусізов қолдау көрсетті.

«Аудандағы кәсіпкер әйелдердің белсенділігі артып келеді. 2017 жылы 101 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 35% қыз-келіншектерге тиесілі, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 83 тұрғын білім алып, оның ішінде кәссібін ашқандардың 42% әйелдер. Әрине көрсеткіш әлі де жоғары емес. Инфрақұрылымның төмендігі, коммункацияның әлсіздігі осыған себеп. Жер учаскесін беруде қиындық жоқ. Газ тартылған. Басқа да мәселелер шешіледі деген ойдаймыз. Кеңес тарапынан қолдау керек, қай бағытта даму керек, қандай кәсіппен айналысқан дұрыс деген секілді кеңес беруді сұраймыз», - деді Ырғыз ауданының әкімі.

Форум қатысушылары да өз жетістіктерін баяндады. Бірқатар мәселе де көтерілді. Аулы шаруашылығын қолдау қоры» АҚ берілген несие қаражатына ең болмаса 1 жыл үзіліс беру керектігі айтылды. Несие ұйымдарының талабы әрдайым сәйкес келе бермейді. Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін облыстық мәслихат депутаты Жеңісгүл Мұхамедпайызова назарға алды.

Сонымен қатар өңірдегі туристік компаниялар мен мейрамхана және қонақ үй бизнесінің қауымдастықтарының төрайымдары Ботагөз Крамбаева мен Бану Тілегенова сөз сөйледі.

Форум соңында Іскер әйелдер кеңесі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен  атынан Ырғыз ауданындағы 12 кәсіпкер әйелге алғыс хат табыстады.

Орум аясында жаңадан қоғамдық монша ашылды. Оны жергілікті тұрғын Әлімжан Қажымұқан өз қаражатына салған. Кәсіпкерлер палатасының филиалы осы нысанға су рату мәселесінде ұолдау көрсетіп, жобаның жүзеге асуына атсалысты. Ерлер мен әйелдерге арналған бөлімдері бар монша жалпы 56 адамға лайықталған. Қатысушылар сонымен қатар аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан жаңа нысандарды тамашалады.  «Halyk bank» АҚ аудандық филиалына бас сұғып, ауылд тұрғындарына көрсетілетін қызметпен де танысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер