Іскер әйелдер кеңесі жетім балалардың тұрғын үйге қаражат жинауына көмектеседі
Кәсіпорынды басқаратын 10 іскер әйел 2000-2001 жылы дүниеге келген бір-бір баланы патронаттыққа алды. Олар «Тұрғы нүй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша жинақтаушы шотқа жарна төлеуге ниетті
Іскер ханымдар «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкіне» бастапқы жарна үшін ақшалай сертификатты ата-ана қамқорынсыз қалған 10 жетім балаға табыстады. Табыстау рәсімі Ақтөбеде «Бала жылы» ресми бастауында орын алды.
Қайырымдылық – Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің қызметіндегі бір бағыт. Сондықтан кәсіпкер ханымдар – «Атамекенім» акциясының белсенді қатысушылары Елбасы бағдарламасының аясында өңірде жүзеге асырылып отырған «Бақытты бала» ауқымды жобасына кірісіп кеткені таңданарлық дүние емес. Кәсіпорындарды басқаратын 10 іскер ханым 2000-2001 жылдары дүниеге келген бір-бір баланы патронаттыққа алды. Олар «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы жетім балалардың жинақтаушы шотына қаражат аударуды қалайды.
«Жарна мөлшерін кәсіпкерлердің өздері шешеді. Бізге ата-ана қамқорынсыз қалған бір-бір баланы берді. Қуана келістік. Тіпті қаражат жинау процесін жеделдеткіміз келеді. Сонда жетім балалардың үй алуына да мүмкіндік көп болады. Бұл бастама басқа кәсіпкерлерге де үлгі болады деген үмітіміз бар. Ешбір бала назардан тыс қалмайтындай етіп жасайық!» – деді «Жаңа Бақыт» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанар Елеусізова.
Мысалы, Гүлнұр Пұсырманованың жасы 16-да. Ол Ақтөбедегі «Болашақ» колледжінің 2-курс студенті. 4 жасында ауыр дертке шалдыққа анасынан айырылды. Әкесі ұлы мен қызын өзі өсіріп-бақты. Бірақ ауыр науқастанған әкелері 2015 жылы І топтағы мүгедек атанды. Ол балаларды туған ағасының әйеліне қамқорлыққа беруге сенім білдірді.
«Бүгінде балалардың әкесі қарттар мен мүгедектерге арналған интернатта. Оны күтіп-бағатын адам жоқ. Арбаға таңылған. Балаларды өз туғанымдай көріп, тәрбиелеп отырмын. Өзімнің төрт балам бар. Кәсіпкер Динара Еділоваға алғыс айтамын, ол Гүлнұрдың шотына қаражат аударды. Өзім де балалардың шотына ай сайын қаражат аударамын. Қазір екеуі де студент. Гүлнұрдың ағасы 18-ге толды. Ол Темір жол колледжінде оқиды», – дейді қамқорлыққа алған Жақсыбике Қалиева.
Динара Еділова – «Алмаз» қайырымдылық қорын басқарады, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Кәсіпкер Гүлнұрдың шотына ақша аударып қана қоймай, білім алуына, дамуына жәрдемдесуді қалайды.
«Гүлнұрмен танысқаныма қуаныштымын. Пайымды, өжет әрі қарапайым қыз. Ортақ мақсатты да айқындадық – алдымен колледжі аяқтап, университетке түсіп, жоғары білім алу керек. Түрлі дамыту тренингтеріне, ынталандыратын шеберлік сыныптарына апарамын. Өз білімімен бөлісіп, әпке, құрбы болуға тырсамын», – дейді жоспарымен бөліскен Динара Еділова.
Ақтөбеде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі керек 372 бала бар, оның 258-і демеушілерге бекітілген.
Іскер әйелдер кеңесінің жетім балалардың жеке пәтеріне қаражат жинауға көмектесуге ниетті мүшелері, кәсіпкерлердің тізімі:
«Жаңа бақыт» ЖШС директоры Жанар Елеусизова
«Сконур» ЖШС директоры Нұржамал Танкаева
ЖК директоры Разида Тайшиева
ЖК директоры Айша Наурызбаева ( «Play zone» ойын аумағы)
«Без сахара» кондитерлік цехының директоры Жанна Изимбетова
«Алмаз» қайырымдылық қорының басшысы Динара Еділова
«Sunrise» білім беру-консалтинтік орталығының директоры Айнаш Сұлтанова
Жүк тасымалдаумен айналысушы Айгүл Сақтағанова
«Меринос» СҮ директоры Сая Тыченгулова
«Мұғалжар-99» ЖШС директоры Динара Әлимағамбетова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: