«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде екі кәсіпорын жанынан оқу орталығы ашылмақ

2018 жылғы 05 Наурыз
- Ақтөбе облысы
6609 просмотров

Былтырдан бері қажетті мамандарды өздері дайындап отырған Мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығына қарасты «Дамыту» ОО, «МК Корпорация» ЖШС қабырғасындағы «Taksim Food Academy» ОО, «Азайа» ЖШС ОО, «Сервис-К»ЖШС БО қатарына «Той дастарханы» кондитер цехына қарасты «Шарлотта» ЖШС оқу орталығы және «Глобал спецодежда» цехының жанынан ашылған «Надежда» оқу орталығымен  толықты

Жұмыссыздардың саны айтарлықтай көп болғанымен өндіріс орындары, кәсіпорындар, бизнес басшылары мамандардың жетіспейтіндігін айтады.  Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында былтырғы жылдың екінші жартысынан бастап «Атамекен» ҰКП бастамасымен ашылған Ақтөбедегі өндірістегі оқу орталықтары өз нәтижелілігін көрсетті.

Оқу орталығын ашуды қолға алған компаниялардың бірі- «Глобал спецодежда» цехы. Аталмыш цех аймақтағы ірі кәспорындардың қатарында. Бүгінде онда 200 ге тарта қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, тігін цехы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алып, әлеуметтік серіктестік бағдарламасына қатысып отыр. Қазіргі таңда тігін цехына бірнеше қызметкер қажет. Цех басшылығы өздеріне қажетті мамандарды өздері дайындауды ұйғарыпты. Ол Ақтөбе облысының дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығының мүшесі ретінде оқу орталықтарының тыңдаушыларының жұмысқа орналасуына ықпал ете алатындығына сенімді.

Сонымен қатар, «Той дастарханы» кондитерлік цехы жанынан ашылған «Шарлотта» оқу орталығы өз жұмысын бастайды. Кондитер цехы өндіріске қажетті заманауи құрылғылармен толық жабдықталған. Мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығының жанындағы оқыту орталығына атсалысып, болашақ кондитерлерді даярлап жүрген «Той дастарханы» кондитерлік цехы енді өзіне қажетті мамандарды өздері оқытатын болады.

«Атамекен» ӨКП  мен «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қызметкерлері аталған орталықтардың құжаттарын, оқыту орындарын қарап, олардың өтініштері негізінде «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары реестріне енгізілуге лайықты деп тапты. Бүгін олар аталмыш келісімге қол қойды.

Бұдан бұрын мәлімдегеніміздей, оқу барысында білім алушыларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сай стипендия беріледі. Оқу орталығының шығыны да төленеді. Сондықтан бұл жобаға қала тұрғындарымен бірге ауыл жұмыссыздары да қатысып, құнды тәжірибе жинақтай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер