Кәсіпкерлер статистикалық есептердің көптігіне шағымданды
Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы статистикалық есептердің көбейіп кеткеніне шағымданған бизнес өкілдерінің алаңдаушылығын құптайды
Осы мәселеге байланысты өткізілген дөңгелек үстелге Палата сарапшылары, кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының өкілдері қатысты.
«Бір жағынан мемлекеттік органдардың ақпараттық қажеттіліктері мен ақпараттың тәжірибелік маңыздылығы, екінші жағынан, бөлімшелердің оны қайталамауы салдарынан бизнестің шығынға ұшырамауы арасындағы тепе-теңдікті оңтайландыру – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып тұр»,-деді дөңгелек үстелді ашқан Палата сарапшысы Нұрлан Махамбетов.
Бұған дәлел ретінде бизнес өкілдері тарапынан түскен шағымдардың көбейгендігін атауға болады.
«Біз бұрын ешқашан тапсырмаған есеп үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болып отырмыз. Бізге қатысты өндіріс жүргізіліп жатқанынан бейхабар жүрдік. Ешкім ескертпеді. Төлемесек, әуре-сарсаңға түсерміз деп, айыппұл төледік. Біздің есепшоттарымызды жабуы мүмкін еді. Бізге бұл кедергі келтіретін болды. Бірақ, кейін Кәсіпкерлер палатасына жүгіндік. Салық органдарындарының өзінде статистикалық агенттіктегідей есеп жоқ.Салық комитеті алдын ала хабарлама жібереді, сосын мәселені шешуге уақыт береді. Айыппұл салу туралы мәселе болса да, ескерту түрінде ғана болады. Есепті тапсыру уақыты да ыңғайлы-бір жарым ай. Статистикалық агенттік 20 на 25 тапсыру керек есеп туралы хабарлама жібереді»,-деген «Кең Өлке» ЖШС өкілі ренішін жасырмады.
«Әрі толассыз жібере береді. Осы мерзім аралығында 6-7 есеп келіп тұр. Жеке-жеке өз қолымызбен толтыруымыз керек»,- деді «NSEconsultinggroup»ЖШС есепшісі.
Анықтама үшін айтар болсақ, 2017 жылы Департамент жалпы сомасы 12 456 810 теңгені құрайтын 376 әкімшілік материалды (статистикалық деректерді уақытылы тапсырмау, сенімсіз ақпарат беру және т.б.) қарады.
Бүгінгі күні шағын бизнеске арналған статистикалық есептің шамамен алты түрі бар. Жалпы алғанда, егер шағын және орта бизнес туралы айтсақ, салалар бойынша есе 108 есепке дейін жетеді.Бұл жетпіс есеп жойылғаннан кейінгі жағдай, деп хабарлады статистикалық есеп департаментінің өкілдері. Әр екі жыл сайын, белгілі формадағы есеп ЖК-ден де сұралады.
«Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне есеп беруді біріздендіру және оңтайландыру мәселесін қарастыру және бір мемлекеттік органға есеп беру туралы ҰКП-на ұсыныс енгізетін болды. Бизнес жүктемесін оңтайландыру әкімшілік деректерді барынша толық пайдалануға бағытталатын болады; көрсеткіштерді жинаудың қайталануын болдырмау; өзектілігі мен сұранысына сәйкес нысандарының индикаторлар құрамын инвентаризациялау; электрондық есептеу әдісін дамыту», - деп хабарлады ӨКП сарапшысы Нұрлан Махамбетов.
Сондай-ақ, статистика департаментіне есепшілерге статистикалық есептер туралы ақпараттар мен кеңестер беру үшін Палата жанынан ашылған «Есепшілер клубы» чатына қосылу туралы ұсыныс берілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: