«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық киім тігу бизнесі

2018 жылғы 26 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
8172 просмотров

Назымгүл Оразғалиеваға кәсіп ашып, арманына қол жеткізуге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандары көмектесті. Сарапшылар Бөкейорда тұрғынының жобасын басынан аяқ сүйемелдеп, жүзеге асырудың соңғы кезеңіне дейін қолдау көрсетті

Барлық бастама туған ауылдан бастау алған болатын.  Назымгүл жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Хан Ордаға қайтып, Бөкейорда мұражай кешеніне жұмысқа тұрады. Бұл өлке өткен тарихы мен көрікті табиғатқа бай, өңір ХІХ ғасырдың бірегей ескерткіші болып танылады. Халық киелі жерді «Тұңғыштар мекені» деп атайды. Бұл жерде Қазақстандағы тұңғыш типография, дәріхана, қазынашылық, қару палатасы, метеорологиялық станция ашылған.

 Жұмбаққа толы Бөкейорда саяхаттаушылар мен зерттеушілерді қызықтырады. Бүгінде мұнда Қазақстан тұрғындары және шетелден туристер келеді. Келген қонақ кәдесый алғысы келетіні түсінікті, алайда Хан Ордада естелік сыйлықтар сатылмаған, сондықтан келген кісі қолы бос қайтатын. Назымгүл осы бағытта көп еңбектенеді. Бірнеше жыл қатарынан келіншек үйде тігіншілікпен айналысып келді. 2015 жылы жеке кәсіпкерлік ашып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған байқауға қатысады.

Осылайша ұлттық кәдесый әзірлеу бойынша бизнес жоба 782 мың көлемінде грант ұтып алады. Бұл қаражатқа Назымгүл тігін-кестелейтін машина сатып алады. Соманың 10 пайызын қажетті материал сатып алуға жұмсайды. Осылай жұмыс басталды, тамаша кәдесыйлар әзірленіп жатыр.

 2016 жылы Назымгүл тігін шеберханасын ашады. Онда 2 тігінші еңбектенеді, өндірісте екі тігін машинасы, бір мата торлауға арналған машина және тігін-кестелеуші машина бар. Ауылда тапсырыс жеткілікті. Ұлттық киімдер мен кәдесыйлардан басқа ательеде күнделікті киюге арналған киім, сахна мен қойылымдар костюмдары да тігіледі.

 Кәсіпкер әйел өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Оған Бөкейорданың туристік әлеуеті де ықпал етуде.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер