«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дұрыс бағдар: Ақтөбеде Іскер әйелдер кеңесінің конференциясы өтті

2018 жылғы 17 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7841 просмотров

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі үнемі даму үстінде: бұған осы бағытты мемлекеттік қолдау бағдарламалары, сондай-ақ іскер қыз-келіншектердің белсенділігі себеп. 

Ақтөбеде өткен Іскер әйелдер кеңесінің конференциясы атқарылған жұмысқа нәтиже жасау және қандай жаңа бағыттарға назар аудару жұмыстарына арналды. Тәжірибе бөлісуге әрі жергілікті іскер ханымдар пікірін тыңдау мақсатында өңірге «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Хатшылығының басшысы, ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова келді. 

 Конференция бағдарламасы пікір алмасу алаңынан бөлек, Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша шеберлік сабақ, тәжірибе алмасуды қамтыды.

 «Конференция жұмысына облыс орталығынан келген ханымдар ғана емес аудандардың қыз-келіншектері қатысып отырғаны қандай жақсы. Мұндай кездесулер бірінші кезекте ауыл-аймақ үшін маңызды. Мемлекет басшысы әйел кәсіпкерлеріне, әсіресе ауылдағы әйелдерге дұрыс бағыт-бағдар беру керек екенін үнемі айтады. Облыстың қоғамдық өміріне кәсіпкер әйелдердің араласуы республика бойынша жоғары деңгейде», –деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

Ақтөбе облысы іскер әйелдер кеңесінің мүшелері түрлі салаларда жұмылған: ауыл шаруашылығы, құрылыс, мейрамхана және қонақүй бизнесі, сұлулық индустриясы және т.б. Әрине олардың барлығында жақсы тәжірибе, қалай кәсіп құру бойынша нақты түсінік, идеяны құрылымдау машығы бар.

 Жергілікті іскер ханымдардың жетістігі жайында Іскер әйелдердің өңірлік кеңесінің төрайымы Жанар Елеусізова хабарлады.

 «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ақтөбе облысында 431 264 әйел тұрады, оның ішінде 48%-і еңбекке жарамды. 24 896 шағын және орта бизнес обектісін әйелдер басқарып отыр. Демек, олардағы әрбір 5-ші басқарушы – әйел. Барлық бағытта бірінші болуға тырысатын көшбасшы әйелдер бар.  Олар жеке бизнесті дамытуға ғана емес, сонымен қатар жас әріптестермен тәжірибе бөлісуге ынталы болуы қуантады», – деді Жанар Елеусізова.

Кеңестің мақсатттары мен міндеттері, сонымен қатар іскер әйелдерге арналған жаңа жобалар жайында айта отырып, ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қазіргі таңда кәсіпкер әйелдер алдында нарық талаптарында тұрған өзекті мәселерді шешу және әйелдерді Іскер әйелдер кеңесі қатарына барынша тарту, әйел бизнесін насихаттау, бизнесвумен имиджін қалыптастыру жұмыстарын атқаруда бір мүддені көздейтін нағыз жұмылған команданы құру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.  

Қазіргі таңда екі бағытта дамуға назар аударылып отыр. Біріншісі – салалық одақтарға бірігу және өңірдің салалық сарапшылық үнін күшейту. Лаззат Рамазанова әйел кәсіпкерлерді өңірлік салалық қауымдастықтарды құруға шақырды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолдауымен Ақтөбе облысында «Мейрамханалық және қонақүй қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және Ақтөбе туристік компаниялары қауымдастығы сынды үш салалық бірлестік белсенді дамып жатыр. Салалық бірлестіктерін құрудың белсенді бастамашылары – Өңірлік іскер әйелдері кеңесінің мүшелері болып отыр.

 Лаззат Рамазанова назар аударған екінші бағыт – әйел кооперациясын дамыту.

«Облыстар кооперациялық қозғалысты дамытуы үшін мемлекет белгілі бір деңгейде KPI қойды. Біз назарымызды Агроөнеркәсіп кешеніне бұрып отырмыз. Кооперацияның мүмкіндігі орасан.  Жалпы әлемдік кооперциялық қозғалысқа 700 млн адам жұмылдырылған. Сервис саласында дамыған инфрақұрылым жайында айтатын болсақ, мәселен Италия, Франция мемлекеттерінде мұны кооперация орындап отырғанын естен шығармау керек. Бұл үдеріс жергілікті атқарушы органдары үшін тиімді, өйткені кәсіпкерлік қоғамдастық осы бағыт үшін жауапкершілікті көтеріп, оның ынтымақпен атқарып келеді», – деді Лаззат Рамазанова.

 Конференцияны қорытындылай келе Лаззат Рамазанова жаппай кәсіпкерлікті дамытуды айтқанда барлығы бірдей бизнеске бармайтынын ескеру керек екенін атап өтті. Бұл өте үлкен қателік. Бизнеске басқа жолмен де келуге болады, оның бірі – коореациялық әдіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер