«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

2018 жылғы 21 Мамыр
- Ақтөбе облысы
1735 просмотров

«Атамекен» ҰКП, «Алматы Менеджмент Университеті» кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, Қазақстандағы «Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТҚ бірігіп, Eurasian Resources Group (ERG) комапаниялар тобының қолдауымен «Кемел-кәсіпкер» чемпионаты қаламызда биыл екінші мәрте өткізілді. 

Оған «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері пәні оқытылатын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері қатысты.

«Кемел кәсіпкер» чемпионаты Студенттерді кәсіпкерлік ойлауға, бизнесті жүргізу барысында кездесетін кедергілерді шешуге үйретуге бағытталған. Сайыс әртүрлі іскерлік ойын түрлерінен құралған.

 Қатысушыларға экономикалық дағдарысқа ұшыраған компанияларды құтқару жөнінде бизнес-кейсті шешу туралы тапсырма берілді. Студенттер командаларға бірігіп, компания кеңесшілері ретінде жабылу алдындағы бизнес нысандарын қалай құтқару керектігі жөніндегі пікірлерін ортаға салды.

 «Кемел кәсіпкер» чемпионатында барлығы 200-ге тарта студент бақ сынады. Жарыс қортындысына сай, Ақтөбе политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-3 курс студенттерінен құралған VaBank және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Көлік техникалары» мамандығының 1-курс студенттерінің KazTech командалары жеңіске жетті. Жеңімпаздар жас кәсіпкерлерге арналған Summer Boot Camp жазғы лагеріне жолдама алды.

«Чемпионат жастардың өзін-өзі бағалауларына оң әсерін тигізгенін сеніммен айта аламын. Жұрт алдына шығып, еркін сөйлеу, өз идеяларыңды қорғай білу  бұл жарыстан алған пайдамның бір бөлігі ғана. Біз басқа мамандықта оқығанымызбен, нарық заманында кәсіпкерлік білім артық болмайды», – дейді Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Тұрар Өксігенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер