«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспорттаушыларға арналған қауіпсіздік шаралары

2018 жылғы 22 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5454 просмотров

Жергілікті өндірушілерге сыртқы экономикалық мәмілелерді сақтандырудың классикалық түрлері мен сауда қаржыландыру бағдарламалары жайында ақпарат берілді. Бұл консультацияны «KazakhExport» сараптамалық сақтандыру компнаиясының өкілі Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткізді.  

Сауранбек Рахиев – «Ақтөбе жылыжай» жылыжай кешенінің директоры. Кешеннің үш гектар жерінде балғын көкөніс: қияр мен қызынақ өсіріледі. Өсіру әдісі – шағын көлемді гидропоника. Бұл топырақтың орнына кокос сусбстраты қолданылатын жаңа технология. Жоба «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылды. Бірінші агромикалық цикл 2015 жылы іске қосылды. Бүгінде көкөністерді сату нарығы Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясының көрші жатқан аудандары. Экспортқа бағытталған кәсіпорынның басшысы ретінде кәсіпкер «KazakhExport» сақтандыру компаниясының құралдарымен танысуға ниет білдірді.

«Бұл пайдалы кездесу болды, қызықты өнімдер ұсынылып отыр. Кәсіпкерлерге мұндай түсіндірме жұмыстары өте қажет әрі кеңес алу артық етпейді. Әзірге тек жағымды әсер алып отырмын, компания талаптары мен шарттары айтарлықтай тиімді. Біз түрлі нұсқаларды қараймыз, «KazakhExport» құралдарын пайдаланамыз деп ойлаймыз», – деді кәсіпкер.

«KazakhExport» шашамен 13 сақтандыру құралын ұсынып отыр. Олар экспортқа шығуға жол ашады, бұл мүмкіндіктер бастауыш және жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларға да тиімді. Олардың барлығы тәуекелдерді азайту және шығындарды қысқартуға бағытталған:  

-шетелдік сатып алушының адалдығын тегін тексеру;

-банк кепілдігін алуда көмектесу және валюталық тәуекелдерді алдын алу;

-қазақстандық өндіруші тауарын сатып алу үшін шетел сатып алушыны қаржыландыру;

-айналым капиталын толықтыру;

-кепілдік жетпегенде банктен қаржыландыру алуға көмектесу;

-шетеле сатып алушы тарапынан төлемей қою тәуекелін өзіне алу;

-шетел сатып алушыдан аванс алуға көмектесу;

-қайта сақтандыру;

 -қаржы лизингін сақтандыру.

 

«Негізгі сұраныста экспорттаушының несиесін сақтандыру құралы. Осы ретте біз импорттаушыға кейінге қалдырылған төлемді сақтандырамыз және тәуекелді өз мойнымызға аламыз. Мәселен, қазақстандық-экспорттаушы Ресейге тауар жеткізеді делік, бірақ ол уақытында төлемді алатынына аландап тұрады. Біз бұл шартты кепілдікке аламыз, егер тауарға белгіленген уақытта төлем жасалмаса, ақшаны өтеуді жүзеге асырамыз. Мәселен, 20%-дық франшиза белгіленген, экспорттаушының жоғалтқан күндерін 20% франшизаны алып тастап, өтейміз», – деді Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Мейрамбек Жанғалиев.

Қазіргі таңда «KazakhExport» сараптамалық сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасында экспортты несиелік функцияны орындап отырған жалғыз арнайы сақтандыру ұйымы мен институты болып табылады. Өзінің негізгі жұмысы аясында «KazakhExport» өңдеу өнеркәсібі секторындағы экспорттаушы кәсіпорындарға және екінші деңгейлі банктерге сыртқы сауда операциялар кезінде төлемеу тәуекелдерінде сақтандырулық қорғауды ұсынып, экспорттық мәмілелер қауіпсіздігін кепілдендіреді. Компания миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық, сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады. «KazakhExport»-тың жалғыз акционері – «Бәйтерк» ұлттық басқарушы холдингі.

Егер осы ақпарат  қызықтырса, толық кеңес алғыңыз келсе  «KazakhExport» АҚ Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Мейрамбек Жанғалиев кез келген сұраққа жауап береді: +7702 886 4438 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер