«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпорын жанынан ашылған оқу орталығын 33 түлек бітіріп шықты

2018 жылғы 30 Мамыр
- Ақтөбе облысы
2263 просмотров

Білім – таусылмайтын кен

Бүгін «Азайа» тігін шеберханасы жанынан ашылған оқу орталығында кәсіби қайта даярлаудан өткен 33 әйелге куәлік тапсырылды. Олар оқу базасынан қазіргі таңда сұранысқа ие «тігінші», «пішуші» мамандығын игеріп шықты. «Азайа» ЖШС былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту тиімділігі және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өз кәсіпорыны жанынан мамандар даярлаумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында оқу орнын 94 адам бітіріп шығып, олардың 97% жұмысқа орналасқан.

«Бүгінгі оқу мен өндірістік тәжірибені сәтті аяқтаған  27 әйел «Азайа» кәсіпорнына тігінші болып жұмысқа тұрды. 13 адам «Ақтөбе сити» шағын ауданында орналасқан «Медина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, 2 адам «Данағұлова» Жеке кәсіпкерлігіне және «Светлана» тігін шеберханасына жұмысқа орналасты. Тігінші мамандығына сұраныс жоғары. Сондықтан курс бітірушілерін жұмысқа тұрғызу қиындық туғызбайды», – дейді «Азайа» ЖШС кадр жөніндегі маманы Райхан Утебаева.

Оқу орталығын аяқтағандардың арасында 6 адам жеке кәсіп бастап, шағын ателье ашуды жоспарлап отыр. Курс аяқтаушысы Гүлзия Әжниязова оқу орталығын бітіруші 4 тігіншімен бірігіп, ұлттық киімдер тігумен айналысатын шеберхана жұмысын бастамақ.

«Бұрын тігуді білсем де, кәсіби пішу қолымнан келмейтін. Оқу орталығынан осы машықты өте жақсы меңгеріп алдым. Енді өзіміз армандағандай жеке шеберхана ашуға толық мүмкіндік бар. Әзірге алғашқы тапсырыстарды үйде қабылдап отырмыз. «Азайа» ЖШС оқытушы шеберлеріне үлкен алғысымды білдіремін», –дейді Гүлзия Әжниязова.

Кәсіпорынның Ойыл және Мәртөк аудандарында филиалдары бар. Бүгінде онда 30-ға тарта оқушы қысқа мерзімді курстан өтуде.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бұл жобаның үйлестірушісі болып табылады. Оқу орталықтары ҰКП оқу орталықтарының Реестріне енгізілуі тиіс. Өз кезегінде Өңірлік палата еңбек нарығының қажетті мамандарды оқыту үшін кәсіпорындар жанынан оқу орталығын ашу жұмысын жалғастырады. Қызығушылық танытқан тұлғалар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөліміне хабарласа алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер