«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» түлегі кондитер цехі мен кафетерий ашты

2018 жылғы 31 Мамыр
- Ақтөбе облысы
6446 просмотров

Оқу семинарлары  ауыл тұрғындарына жеке кәсіп бастауға көмектеседі. Былтыр Қарауылкелді ауылының тұрғыны Қуанышбек Сұлтанов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдараламасының  екі күндік «Бизнес-Кеңесші» курсын тыңдаушысы болды. Оқу бітірген соң ол «Тоғжан» атты кешен ашты.

Бизнестегі алғашқы қадамдар қателік, тәуекелдермен қоса Қуанышбек Сұлтанов 2007 жылы ашқан. Ол Байғанин аудан орталығында шағын дүкен ашады, клиенттер базасы қалыптасып, сұраныс ұлғаяды. Ары қарай тағы бір істі игерді – бүгінде бөлшек саудадан бөлек кәсіпкер 8 мектепке тамақтандыру қызметін ұсынып отыр. Осымен кәсіпкер тоқтамай, кондитерлік цех пен кафетерий ашуды жоспарлаған.

«Кәсіпке аяқ басқанда қажетті білімім болған жоқ. Мәселен, жеке кәсіпті қалай ашу керек немесе компания маркетингі неге негізделеді, білмедім. Сондықтан идеямды жүзеге асыру үшін аса дайындықпен келуді жөн санадым. ӨКП тренерлерінен «Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді оқудан өттім», – деді кәсіпкер.

 Кәсіпкердің қолына сертификат берілді, бұл құжат арқылы жеңілдетілген несие алуға болады. Бастысы – кәсіпкер білімін толықтырды. Өз кезегінде ӨКП аудан филиалының кеңесшілері кәсіпкерге «Кең дала» аудандық бағдарламаға қатысу үшін құжаттар топтамасын жинап берді. Осындай қолдау нәтижесінде кәсіпкер 9,4 млн теңге көлемінде «Халық банк» арқылы осы бағдарлама аясында несиелік қаражат алды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мен жабдық алуға кәсіпкер 46 млн теңге жұмсаған.

 

«Қарауылкелді ауылында жаңа кешеннің ашылуы 12 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыды. 4 кондитер-технолог және 4 аспаз Ақтөбеден келген аспаздың шеберлік сабақтарына қатысты, білім алды», – деді ӨКП аудан филиалының директоры Мұрат Тасин.

 Кондитер цехы күніне 500 нан және нан-тоқаш өнімін, 30-40 келіге дейін балкүлше, пироженый, басқа да кондитер өнімін пісіре алады.

 Ал кафетерий 70 мейманға шақталған. Мәзірде – ұлттық тағамдар мен Шығыс, Еуропа дәмдері қамтылған.

 Кәсіпкердің айтуынша бүгінде бизнес идеяны жүзеге асыру оңай. Қолдаудың барлық институты бар.  Оның бірі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

 

«Кәсібіме үлкен демеу болған жуырда Елбасы қол қойған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туарлы заңнамасындағы өзгертулер. Енді негізсіз және жоспрадан тыс тексерулер, есептеулер азайды, жеңіл несиелер бөлінуде. Осыған дейін кәсіпкер алдында кедергілер көп болғаны бәріне мәлім. Бүгінде бизнес оңай жұмыс істеп, дами алады», – деді Қуанышбек Сұлтанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер