«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сән саласының шебері кәсіпкер атанды

2018 жылғы 04 Маусым
- Ақтөбе облысы
2743 просмотров

Бьюти қызметі қашан да сұранысқа ие

Үмітжан Түсіпқалиева мамандығы бойынша медбике, алайда ол сұлулыққа жаны құмар жан болғандықтан салон шебері қызметін таңдайды.  Міне, он жыл бойы ол нәзік жандыларға сұлулық сыйлап келеді. Осы жылдар аралығында ол салондарды жалға алып, шаш үлгілерін сәндеп, арулардың кірпік, саусақтарын әсемдеп жүрді. Бүгін ол көптен бергі арманын жүзеге асырды. Қаланың тұрғындардың жаңа қоныстап, дами бастаған Батыс-2 ауданынан өз сұлулық салонын ашты.

Кәсіпкер сұлулық орталығын ашуға бар жоғы үш айда қол жеткізді. Алдымен, ыңғайлы жер іздеп тапты, кейін кәсіпкерлікті кәсіби меңгеру мақсатында «Атамекен» өңірлік палатасына барады. Оған палата қызметкерлері бизнесті жүргізу жолдарын үйретті, бухгалтерлік, салық салу заңнамаларымен, несие алудың тиімді тәсілдерімен таныстырды, бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Көп ұзамай «Бизнес -өсу» курсынан өтіп, «Даму» қоры арқылы жергілікті банктен қаржы алудың сәті түсті. Енді оған салонды жөндеуден өткізіп, құрал-жабдықтар алу ғана қалған еді. Бұл жерде де ол ұқыптылық танытып, барлық қажетті құралды отандық өндірушілерден сатып алды. Салондағы көз тарталық жұмсақ жиһаз – өңірдегі «Ақсу» фабрикасының өнімі. Сұлулық салонның іші ерекше үлгімен безендірілген. Әрбір бұйым аса талғампаздықпен қойылып, ерекше үйлесім тапқан. Сулулық орталығының иесі бөлме дизайнын өзі жасапты.

«Бұрын мен өзге адамдардың қарамағында, бөлмелерді жалдап жұмыс істеп келдім. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан алған білімімнің арқасында өзіме деген сенімділік артты. Жолын білсең, кәсіп ашу қиын мес екен. Әдемі болуды армандамайтын әйел кем де кем. Сол себепті нәзік жандыларға қызмет көрсететін сұлулық салонына әрқашан сұраныс болады деп ойлаймын», – дейді жаңадан ашылған «Магнит» салонының басшысы Үмітжан Түсіпқалиева.

Оның айтуынша мұндай батыл қадам жасауына жақындарының қолдауы да көмектескен. Шынында да күн райының салқын болғанына қарамастан салонның ашылу салтанатына адам көп жиналды. Ата-анасы, бауырлары, отбасы мүшелерінен басқа Үмітжанның тұрақты клиенттері де келіп, шын көңілден тілектестік білдіріп жатты. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де тыңдаушыларының қуанышымен ортақтасып қайтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер