«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпкерлердің ІІД қызметіне көңілі толмайды

2018 жылғы 20 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
1916 просмотров

Ақтөбенің бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасына құқық қорғау органдарының қылмыстық іздестіру және тергеу жұмыстарын жүргізуде көп созбұйдалылыққа салынып, істі тезірек жауып тастауға тырысатындарын айтып, жиі шағымданады.

Бүгін Кәсіпкерлер палатасында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысында осы тақырыптағы бірнеше арыз тыңдалды. Айталық, кеңесте алғашқылардың бірі болып сөз алған кәсіпкер С.А.Жаманов өзінің шағынмаркетінен қолды болған 3 млн сомадан астам қаражатын бейнекамералар мен дәлелді құжаттарының бар болғанына қарамастан, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарынан әрі жеткізе алар емес. Осыған ұқсас ішкі істер органдарының әрекетсіздігі туралы дерек «Продсервис Ақтөбе» ЖШС арызында да көрсетілген. Серіктестік «Ұмай Балу» ЖШС атына тиесілі элеваторда сақталуға тиіс бидайды ЖШС басшылығы немесе қызметкерлерінің өз пайдасына жұмсап қойғаны туралы заңбұзушылықты 3 жыл қатарынан дәлелдей алмай келеді. Бұған сондай-ақ, Ақтөбе қ. ІІБ Зауыт бөліміне «Қадыр З.К.» ЖК азаматшаның  бутигінен ұрланған құнды әшекей бұйымдарының өз сатушысы ұрлаған деген деректі барлық бұлтартпас фактілерінің болғандығына қарамастан дәлелдей алмауы мысал бола алады.

«Менің сатуға қойған алтын бұйымдарымды сол кезде жұмыс жасаған сатушы алғандығы туралы деректер бар. Тергеу барысында сатушының өзі барлығын мойындады. Алайда, тергеу ісі сотқа жетпей тоқтатылып тұр. Қылмыскердің қамауға алынып, менің шығындарымды өтей бастауына не кедергі?», – дейді кәсіпкер Зәуре Қадырова.

Жиынға қатыстырылған Ақтөбе облысының ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Евгений Годлевский көрсетілген жайттармен таныс екендігін айта келіп, бұл істердің аяқталмай тұрғанын себебі кәсіпкерлер ұсынған дәлелдердің жеткіліксіздігі екенін алға тартты. Кеңес құрамы күдіктіге айып тағу үшін ұсынылған дәлелдер жетеді деп есептейтіндігін, осыған байланысты ІІД мәселеге қайта қарауын талап етті. Бұлай болмаған жағдайда, бұл істер облыстық прокуратураға жіберілетіндігі айтылды.

Сонымен бірге. Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша да шағым бар. Кәсіпкелердің айтуынша, мұндай нысандарға жатпайтын бизнестің меншігіне де тексеріс жүргізіліп, айыппұл салынады екен.  Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Атабаев жауап беріп, мәселе оң шешімін табатынын жеткізді.

 Тағы бір мысал, «Арыстанғали» шаруа қожалығының басшысы мемлекет алдындағы қарызын толық өтегенімен, оның мүлкіне тағылған тыйым салуды Ақтөбе облыстық әділет департаментінің мамандары алып тастауға асығар емес. Нәтижесінде кәсіпкердің жұмысы тоқтап тұр. Бұл мәселе бойынша да кеңес мүшелері ашық талқылау өткізді. Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібеков мәселенің анық-қанығы белгілі болғаннан кейін, серітестіктің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне салынған тыйымды алып тастайтын болды.

Отырыс нәтижесінде  ІІД және Әділет департаментіне баяндалған мәліметтерді бақылауға алуға және өз қызметтік міндеттеріне салғырт қараған лауазымды тұлғаларға шара қолдануға ұсыныс беріліп, қортындысы туралы Кеңеске ақпарат беру міндеттелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер