Ақтөбе облысының шаруалары біліктіліктерін арттырды
Мал шаруашылығында жұмыс істейтін 40-тан астам фермер білімін толықтырып, қажет машықтарды игерді
Фермерлерге арнап «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығында семинар өткізілді. Асыл тұқымды мал өсіру тақырыбы бордағылау бағытын алған шаруа қожалығының аумағында талқыға салынды.
Арнайы фермерлік және шаруа қожалықтардың басшылары Мұғалжар ауданында бас қосты. Мұнда Талдысай ауылында ҚР ҰКП-ның «Біліктілікті арттыру орталығы» ЖШС және Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы «Арман-М» шаруа қожалығының базасында оқу семинарын өткізді. Семинар екі блоктан: «Мал шаруашылығының технологиялық элементтері және коммерциялық (тауарлық) мал шаруашылығының артықшылықтары» тақырыбында теория және практика бойынша өтті.
«Семинар мақсаты – фермерлерге жаңа технологияларды үйрету, атап айтқанда асыл тұқымды малды баптау, асыл тұқымды бұқалдарды тұқым өрбіту үшін пайдалану, ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері және тағы басқа. Нәтижесінде фермерлер саулық малды қалай күту керек, сақтап, көбейту керектігін білу қажет. Сондай-ақ, озық бордақылау алаңдарымен бірлесіп жұмыс істеуді үйрету көзделген», – деді мал дәрігері, «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығының сарапшысы Бауыржан Құрманов.
Түстен кейін «Арман-М» шаруа қожалығына экскурсия жасалды. Шаруа қожалығы бордақылау бағытын қолға алған. Мұнда бір мезгілде 3 мың бас ірі қараны бордақылауға болады.
«Шаруа қожалығы өңірдің ірі ет өңдеуші кешені «Актеп» ЖШС-ның серіктесі. Сондықтан «Арман-М» шаруа қожалығын семинар-практикум өткізуге таңдалды. Ақтептің құрылған сәтінен бері Кәсіпкерлер палатасы бордақылау алаңын сүйемелдекге белсенді қатысады және ірі фермерлік шаруашылықтар жанында шағын қожалықардың шоғырлануы бойынша олардың тәжірибесін кең насихаттайды. Яғни «Ақтеп ЖШС мысалында, оған жақын жатқан шағын шаруа қожалықтары «Арман-М» қожалығына бордақылауға мал өткізеді. Көп шаруалар тиімді жұмыс істеуде. Қазіргі таңда «Арман-М» қожалығының 60 серіктесі бар. Бұл Байғанин, Темір, Ойыл және Мұғалжар аудандарында жұмыс істейді», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Сағынғазы Құрманалин.
Айта кетелік, осындай семинарларды өткізу арқылы фермерлер сұрақтарын білікті мамандарға қойып, толымды жауап ала алады. Осы ретте сұрақтар ветеринария мен гетерозисқа қатысты болды. Фермерлер келесі жылы көктемде «Арман-М» шаруа қожалығынан асыл тұқымды бұқа сатып алуға қызығушылық танытты. ӨКП сарапшыларының айтуынша, олардың сұрауы бойынша өтінімдер қалыптастыра бастайды.
Семинар нәтижесі бойынша сертификаттар берілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: